МАЛ АЗЫҒЫН ДАЙЫНДАУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА
2018 жылы облыста барлығы 184,5 мың гектар жерге ауылшаруашылығы дақылдары орналасты. Негізгі дақыл күрiштің көлемі 87,3 мың гектар.
Облыс бойынша егілген 3636 га күздік бидай дақылының бүгінгі күнге 2929 жиналып, 5726 тонна өнім алынып, орта өнім гектарына 19,5 центнерді құраса, 2296 га жаздық бидайдың 994 га жиналып, барлығы 1312 тонна өнім алынып, орта өнімі 13,2 центнерден айналуда.
Ауыл шаруашылық құрылымдары бойынша өткен жылғы жоңышқа дақылының І-орымы аяқталып барлығы 65,8 мың тонна өнім жиналды. Қазіргі таңда ескі жоңышқаның ІI-орымы басталып, орылған 5536 гектардан барлығы 10,4 мың тонна жоңышқа шөбі жиналып, орта өнім гектарына 18,8 центнерден айналуда. Мал азығын дайындау жұмыстары жалғасуда. Сонымен қатар, 16,6 мың тонна табиғи шөп дайындалды.
ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығымен үстіміздегі жылы ауыл шаруашылығы дақылдарын тұрақты суаруға 4,2 млрд. текше метр су лимиті бекітілген.
12 шілдедегі жағдай бойынша Шардара су қоймасына жоғарыдан 96 текше метр су түсіп, қоймадағы судың көлемі 2,6 млрд. текше метрді құрап, өткен жылдың осы кезенімен салыстырғанда 384 млн. текше метрге кем.
Қызылорда облысына жоғарыдан барлығы 650 текшеметр су түсіп, оның 376,4 текшеметр су шаруашылықтардың егістік каналдарына жіберілуде.