Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » “17 ЖАСЫМДА ТУҒАН ӨЛКЕМНЕН КЕТТІМ” – НАЗАРБАЕВ СОЛТҮСТІККЕ ҚОНЫС АУДАРҒАНДАРМЕН КЕЗДЕСТІ

“17 ЖАСЫМДА ТУҒАН ӨЛКЕМНЕН КЕТТІМ” – НАЗАРБАЕВ СОЛТҮСТІККЕ ҚОНЫС АУДАРҒАНДАРМЕН КЕЗДЕСТІ

Президент солтүстікке қоныс аударған тұрғындарға мемлекет тарапынан барлық жағдай жасалып жатқанын айтты.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Солтүстік Қазақстан облысындағы жұмыс сапары барысында Ильичевка ауылындағы 14 тұрғын үйдің құрылысымен танысты. Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл үйлер Қазақстанның басқа өңірлерінен қоныс аударғандарға арналған.
Нұрсұлтан Назарбаев көшіп келген отбасылармен әңгімелесу барысында қоныс аударған тұрғындарға мемлекет тарапынан барлық жағдай жасалып жатқанын атап өтіп, өзінің де өмір жолы туралы айтып берді.
“Менің Алматы маңында дүниеге келгенімді білесіздер. 17 жасымда туған өлкемнен кеттім. Осындай шешім қабылдап, мен түрлі өңірде еңбек жолынан өттім. Кездескен қиындықтарды жеңіп, бүгінгідей дәрежеге жетіп отырмын. Сіздер мұны балаларыңыздың болашағы үшін жасап жатырсыздар”, – деді Президент.
Елбасы ауылдың жаңа тұрғындарына зор денсаулық, табыс, бақ-береке тіледі.
Жалпы 2018 жылы Солтүстік Қазақстан облысына 900 адамнан тұратын 235 отбасы көшіп келген. Барлығы жалдамалы пәтермен қамтамасыз етіліп, жұмысқа орналастырылды. Олардың көшіп келуіне және шығындарын өтеу үшін 1 миллиард теңгеден астам субсидия бөлінді.
baribar.kz
20 тамыз 2018 ж. 961 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 433 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам