Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » «МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» АКЦИЯСЫ ЖАЛҒАСУДА

«МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» АКЦИЯСЫ ЖАЛҒАСУДА

   Республиканың барлық өңірінде 1 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында жылдағы дәстүр бойынша «Мектепке жол» акциясы ұйымдастырылуда. Биыл Білім және ғылым министрлігінің бұл бастамасы «Менің таңдауым – балаларға көмек көрсету!» ұранымен өткізілуде.
Балалардың әлеуметтік себептермен мектепке бара алмауының алдын алу және аз қамтылған отбасы балаларына қолдау көрсету мақсатындағы акцияның ашылуы бүгін Ж.Әбдірашев атындағы №62 мектеп-лицейінде өткізілді.
Қайырымдылық шарасында Арал аудандық «Нұр Отан» партиясы филиалының бірінші орынбасары Т.Қанатов және аудандық білім бөлімі басшысының кеңесшісі А. Бөлекбаев оқушылар мен ұстаздарды алда келе жатқан жаңа оқу жылымен құттықтап, оқушыларға сыйлықтар табыстады.
Акция аясында ауданда кәсіпкерлермен келісіп мектеп тауарларын төмендетілген бағамен сатылуы жөнінде жұмыстар жүргізілуде. Барлық білім беру мекемелерінде аз қамтылған, тұрмысы төмен отбасы балаларының тізімдері анықталып, демеушілер тарапынан көмектер көрсетілуде.
Аталмыш акцияның әлеуметтік арнасы кеңіп, биылғы жылы мектепті алғаш рет аттағалы отырған оқушыларды құрметтеу мақсатында «Бірінші сыныпқа бірінші рет», «Бірінші сынып оқушысына сыйлық» атты іс-шаралар ұйымдастырылуда.
Бүгінгі өткізілген шарада 110 балаға оқу құралдары мен қажетті сөмке табысталды. Аудан бойынша білім беру мекемелерінде өткізілген акцияда 840 балаға қажетті киімдер мен оқу құралдары берілді. Акция әлі де жалғасын табуда.
20 тамыз 2018 ж. 1 315 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 518 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам