Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » МЕККЕДЕ ҚАЖЫЛЫҚ БАСТАЛДЫ

МЕККЕДЕ ҚАЖЫЛЫҚ БАСТАЛДЫ

  2 миллионға жуық мұсылман Сауд Арабиясының Мекке қаласында өздерінің қажылық міндетін атқаруға кірісті. 

Жергілікті биліктің мәлімдеуінше, биыл бес парыздың бірін орындау үшін елге әлемнің түкпір-түкпірінен 1 миллион 700 мыңға жуық шетелдік келген. Қалғаны осы елдің азаматтары. Олар үш күн ішінде Мұхаммед пайғамбардың өмірімен байланысты орындарға барып, қажылық салттарын жасайды. Оның ішінде Кағбаны жетi рет айналып, тәу ету, Арафада тұру, Мұздалифада түнеу, шайтанға тас ату, құрбандық шалу сияқты амалдар бар. Құрбандық шалудан кейін Құрбан айт басталады. Қажылыққа байланысты Сауд Арабиясында қауіпсіздік шаралары күшейтілген. Сондай-ақ әдеттегідей жедел дәрігерлік қызмет көрсету топтары көбейтіліп, адамдарға әртүрлі жағдайда көмек көрсететін топтар құрылған.

24.kz
20 тамыз 2018 ж. 1 247 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 15 210 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам