Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ШИЕЛІ АУДАНЫНЫҢ АЗАМАТТАРЫ ТУҒАН ЖЕРГЕ САЯБАҚ ТҰРҒЫЗЫП БЕРДІ

ШИЕЛІ АУДАНЫНЫҢ АЗАМАТТАРЫ ТУҒАН ЖЕРГЕ САЯБАҚ ТҰРҒЫЗЫП БЕРДІ

Рухани жаңғырудың бағдарламалық мазмұнынан туындаған «Туған елге тарту», «100 кітап», «Көшбасшы», «Қоғамға қызмет ету», «Қазақ әндері» және «Қазақша Wikipedia» секілді жобалардың тиімділігі сөзсіз.

 Былтыр қызылордалық меценаттар 79 маңызды жобаны іске асыру үшін 6 млрд теңге қаражат бөлген. Ал биылғы өткен 8 айда ұрпаққа тәлімді тәрбие мен сапалы білім беру үдерісіне арналған жобаларға 10 миллиард теңге жинаған. Соның бір көрінісі ретінде елге қамқор, жұртқа жанашыр азаматтар Шиелі ауданына саябақ тарту етті. Шиелі кентіндегі Абылайхан көшесінің осы доғал бұрылысының бірнеше ай бұрын ғана шаң-топырағы көтеріліп, маңайы тақыр болып жататын. Аудандағы уран өндіру кеніштерінде қызмет істейтін осы ауылдың азаматтары бұл жерді абаттандыруды қолға алды. Небәрі бір айдың ішінде саялы ағаштары, балалар ойын алаңы бар саябақ тұрғындар игілігіне беріліп отыр.

Мұхамеджан Салқынбаев, меценат, аудандық мәслихат депутаты:

 - Бүркіт, аруана, ботаны өзімізде істейтін жігіттердің жеке қаражатына қойылып, саябақтың әрленуіне, әдеміленуіне үлкен үлес қосып жатыр. Жалпы осы елде туып, өмір сүріп, нанын жеп, осы елді өркендетуге, көркейтуге атсалысып жүргеннен кейін әрбір азамат еліне кішкентай болса да қол ұшын беріп, үлкен бастамаларға бастайтын жоба болды деп мақтан тұтамыз.  Биыл ауданда ақсақалдардың қауқылдасып, балғындардың асыр салатын орнына айналған осындай саябақтың бесеуі салынды. Бұдан бөлек ел азаматтары спорт кешендері, амбулатория мен балабақшаларды да тарту етіп жатыр.

 Гүлмира Әшірбекова, «Рухани жаңғыру» орталығының бөлім басшысы:

 - 10 млрд теңгеден астам қаражат тек ғана әлеуметтік нысандарға ғана емес, қайырымдылық шараларына да жұмсалып жатыр. Бұл елдің әлеуетін көтеруге, әрбір азаматтың туған жеріне деген жанашырлық сезімін оятуға, сондай-ақ туған өлкесін дамытуға, өркендеуіне үлес қосуға, жас ұрпаққа өнегелі іс деп білеміз. Кіндік қаны тамған жерге ерекше ықылас білдіріп, өлкесін өркендетуге атсалысуға асыққандар қатары артып келеді. Жуырда даңғайыр диқан Ыбырай Жақаев ауылында да мәуелі саябақ пайдалануға беріледі. Авторлары: Қамбар Бекенов, Қанат Еңсебаев, Руслан Айтмамбетов

24.kz
20 тамыз 2018 ж. 1 323 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 442 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам