АЗИАДА-2018: ЖЕҢІМПАЗДАРЫМЫЗ 10 МЫҢ ДОЛЛАР СЫЙАҚЫ АЛАДЫ

Арыстанбек Мұхамедиұлы, ҚР Мәдениет және спорт министрі: - Азия ойындарында жоғары нәтиже көрсету біздің елдің спортшылары үшін дәстүрге айналды. Жарыстағы спорт түрлері бойынша үнемі алдыңғы қатардан көрініп жүрміз. Ал биыл Азия ойындарының тізіміне құзға шығу, стритбол сияқты жаңа спорт түрлері қосылды. Бұл бағыттар біздің елде енді ғана дамып келе жатыр. Сондықтан қорытынды нәтижеге әсер етуі мүмкін. Ал Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Серік Жарасбаевтың пікірінше, біздің спортшылар төртінші орынға табан тірейді. Әдетте үздік үштіктен Жапония, Қытай және Корея елінің азаматтары көрінеді. «Десе де еліміздің беткеұстар спортшылары алтын медаль санын көбейтуі тиіс», – дейді төраға.
Азия ойындары Джакарта және Палембанг қалаларында екінші қыркүйекке дейін жалғасады. Осы аралықта 462 медаль жиынтығы сарапқа салынады.
Авторлары: А.А. Аят Дүйсенбаев