ҚАЗАҚСТАННАН КӨШІП КЕТІП ЖАТҚАН ТОП-6 МАМАНДЫҚ ИЕЛЕРІ

Қазақстаннан барлығы 16 жасқа дейінгі 4147 адам, зейнеткерлік жасқа толмаған ересектер - 12 047 адам, зейнеткерлер - 977 адам кеткен. ТМД елдеріне көшіп кеткен 16 жастан асқан 15399 қазақстандықтың ішінде 4 797 адамның жоғары білімі бар, 3 828 адамның орта кәсіптік білімі, 2 006-ның орта жалпы білімі және 1 068-нің негізгі орта білімі бар.
Басқа елдерге кеткен 1777 адамның 453-і жоғары білімді, 364-інде орта кәсіптік білімі бар. Тағы 277 адам орта жалпы білімді және 231 адамның орта жалпы білімі бар. Елден кеткен 17 171 адамның әрбір үшінші дерлік азаматы жоғары білімді, ол 5 250 адам. ТМД елдері Басқа елдер Қазақстаннан шығып кеткен 16 жастан асқан 13 024 ересектің ішінде 6 552 адам тұрақты тұруға, 123 жұмыс бабымен, 21 - зерттеуге және 326 адам оқуға және басқа мақсатта кеткен.
Мамандықтар бойынша көбіне Қазақстаннан техникалық білімі бар - 3 123 адам кеткен. Сонымен қатар, көшіп кеткендер қатарында 1 672 экономист, 994 педагог, 496 медик, 355 заңгер, 257 сәулетші мен құрылысшы және 163 ауыл шаруашылығы қызметкері бар.