ПАЛУАН ҚОШҚАРДЫ 510 РЕТ КӨТЕРІП, РЕКОРД ОРНАТТЫ

"Мен қатысам ба жоқ па деп көп ойландым. Себебі алда Ресейде жарыс күтіп тұр. Бірақ 505 дегенді көріп, жігерленіп, қатысуға бел будым. Осылайша 510 рет көтеріп өзім үшін рекорд орнаттым. Мен әрқашанда өз қарсыласымды жеңуге тырысатын адаммын, бүгінде ұтуға тырыстым. Егер ол қошқарды 600 рет көтергенде, мен 605-ке жеткізуге талпынатын едім", - дейді еркін күрестен Қазақстан ұлттық құрамасының мүшесі Ильяс Жұмай.
Ильяс Жұмай осының алдында екі ай бұрын осы бағдарламаның ашылуында да дәл осындай қошқарды 205 рет көтеріп ұтып алған болатын. Ол күреспен 8 жасынан бастап айналысып, еліміздің абыройын көптеген халықаралық жарыстарда қорғап жүр.