Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады

АСЫЛ МҰРА

  «Сыр сүлейлері» аллеясында қалалық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен Ұлыстың ұлы күні мерекесіне орай түрлі ұлттық ойын түрлерінен жарыс өткізді. Сайысқа жоғары және орта арнаулы оқу орындарынан жүзге жуық студенттер қатысып, бақ сынасты.  Қазақтың ұлттық ойындары – халқымыздың мәдени асыл мұрасы. Сонымен қатар, тәрбие құралы.
Баланың шымыр болып өсуі мен еңбекке қабілеттілігін арттыруда оның үлесі орасан зор. Осындай ұлттық ойын түрлері – асық ату, арқан тарту, қол күрес, ләңгі тебу.  Аталған спорт түрлерінен, жеңіске жеткен жастар облыстық сайысқа қатысу үшін жолдама алады.  Жүйріктер бәсекесінде бас жүлдені М.Мәметова атындағы  гуманитарлық колледжінің құрамасы иеленсе, медициналық жоғары колледж командасы екінші орыннан көрінді.
– Әлемге өзімізді танытып мойындатамыз десек, ұлттық құндылықтарымызды ұмытпай оны дәріптеуіміз қажет. Мен бүгінгі жеңісімді ұлттық әз-Наурыз мерекесіне арнаймын. Сондай-ақ, барша Қазақстандықтарды төл мерекемізбен құттықтаймын, – деді сайысқа қатысушы Қайсар Шоқанбайұлы.
Фариза Мадиярова,
ҚМУ-дің IV курс студенті.
21 наурыз 2018 ж. 1 517 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 523 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам