Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ЖАЗҒЫ МАУСЫМНЫҢ ЖАБЫЛУЫ

ЖАЗҒЫ МАУСЫМНЫҢ ЖАБЫЛУЫ

   Жазғы балалар демалысы да аяқталуға жақын. Міне, тамыздың тамылжыған күнінде «Шағала» сауықтыру лагерінде биылғы жазғы маусымның жабылу салтанаты болып өтті.
Салтанатты шараға қатысқан аудан әкімі М.Ергешбаев балаларға құттықтау сөз сөйлеп, ізгі тілегін білдірді.
Құрметті жас достар!
Осындай керемет жерде Сіздердің демалыстарыңыз жақсы өтті деп есептеймін. Жаңа оқу жылын жаңа ізденіспен, құлшыныспен бастайтындарыңызға сенімдімін. Себебі, Сіздердің лагердегі уақыттарыңызды жақсы өткізулеріңіз үшін ағай-апайларыңыз барлық жағдайды жасады.
Сондықтан, Сіздердің ойдағыдай тынығып, денсаулықтарын шыңдап, жаңа оқу жылына әзірлікпен келулеріңе үлес қосқан педагог-кадрлар мен техникалық қызметкерлерге разишылығымды білдіремін. Әсіресе, кәсіпкерлер мен демеушілерге ел-халықтың атынан алғысымды айтамын, - деді аудан басшысы өз сөзінде.
Құрметті кеш қонақтары балдырғандардың ән мен биіне сүйсініп, өнерлі өрендердің қолымен жасалған көрмені тамашалады. «Арман кемесіне» барып, арман-тілектерін айтып, естелік суретке түсті. «Алау» алаңында «Алау жағу» рәсімін өткізіп, мерекелік от-шашу жасады.
Шара соңында демалушылар «Алау», «Шағала» әндерін шырқады.
Келер жылы жайдарлы жазда «Шағалада» жолыққанша жас достар! Алдағы оқу жылдарыңыз табысты болсын!
22 тамыз 2018 ж. 1 238 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 602 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам