ҚАЗАЛЫДА АУДАН ӘКІМІНІҢ ШЫРШАСЫ ӨТТІ
Бүгін Қазалы ауданы әкімінің балаларға арналған жаңа жылдық шыршасы өтті. Оған аудан мектептерінен жиналған 80-ге жуық үздік оқушылар қатысып, жаңа жылдық шыршаның шамы жанды. Мереке қарсаңында балалар керемет көңіл күйге бөленді.
Жаңа жыл шыршасын тойлау салтанаты алдымен оқушылардың мерекелік өнер көрсетуімен басталды. Балалар би биледі. Ән шырқады. Ертегі кейіпкерлерімен қызықты концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.
Мерекелік шарада аудан әкімі Мұрат Ергешбаев бүлдіршіндерді келе жатқан Жаңа жылмен құттықтап, өтіп бара жатқан жылдың жемісті болғандығын, балалар үшін барлық жағдайлар жасалып, мектеп, балабақша, денсаулық, спорт нысандары салынып жатқандығын ерекше атап өтті. Және барлық оқушыларға мерекелік сыйлық ретінде ұялы телефон табыс етті.
Концерттік бағдарламадан кейін балалар аудан әкімінің ең тәтті сыйлығы торттан ауыз тиді.