Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Қазақстан өнімдері əлемнің 120-дан астам еліне жеткізіледі - Назарбаев

Қазақстан өнімдері əлемнің 120-дан астам еліне жеткізіледі - Назарбаев

  Бүгін Ақордада бес мемлекеттің елшілері Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа сенім грамоталарын табыстады. Шара барысында Елбасы алдағы уақытта Қазақстан өнімдері əлемнің 120-дан астам елінің нарығына жеткізілетінін айтты, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.
Ливан Республикасының елшісі Жискар Əл-Хури, Украинаның елшісі Иван Кулеба, Бразилия Федеративтік Республикасының елшісі Марсия Доннер Абреу, Германия Федеративтік Республикасының елшісі Тило Клиннер, Пәкістан Ислам Республикасының елшісі Имтиаз Ахмад Кази Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа сенім грамоталарын тапсырды.


"Баршаларыңызды Қазақстандағы жаңа дипломатиялық миссияларыңыздың ресми түрде басталуымен құттықтаймын. (...) Биылғы 10-11 қазанда елордада "Қауіпсіз əлем үшін" атты тақырыпта кезекті алтыншы дін басшыларының съезі өтейін деп тұр. Сіздердің елдеріңіздің делегацияларын осы шараға қатысуға шақырамын", - деді Елбасы.
Мемлекет басшысының айтуынша, Қазақстан əлемнің өзге елдерімен қарым-қатынасын түрлі салада барынша дамытып келеді.
"Жақында Ақтау қаласында өткен бесінші Каспий саммитінде Каспий төңірегінде бес елдің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияға қол қойылды. Конвенцияда қауіпсіздік жəне экология мəселелерімен қатар Каспий маңы елдерінің көлік инфрақұрылымын дамыту, транзиттік əлеуетін арттыру қарастырылған. Жаңадан салынған Құрық порты арқылы транскаспий бағытындағы жүк тасымалдарын тиімді етуді қамтамасыз етеміз. Қазақстан өнімдері əлемнің 120-дан астам елінің нарығына жеткізілетін болады", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.
22 тамыз 2018 ж. 1 014 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 442 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам