ӘЛЕМДЕГІ ЕҢ ТАНЫМАЛ АВТОМОБИЛЬДЕР ТІЗІМІ ЖАСАЛДЫ
Мамандар әлем бойынша ең көп сатылатын көліктер тізімін жасады, - деп хабарлайды РИА Новости "Автостат" сараптама агенттігіне сілтеме жасап. 2018 жылдың бірінші жартысының қорытындысы бойынша ең көп сатылған көлік - Toyota Corolla.
Небәрі алты ай ішінде осы модельдің 611 мың данасы сатып алынған. Өткен жылмен салыстырғанда, сату көлемінде айтарлықтай өзгерістер жоқ. Екінші орында - Ford F-Series. Жарты жыл ішінде 537 мың дана сатылған, бұл дегеніміз өткен жылмен салыстырған үш пайызға жоғары. Үшінші орында - Volkswagen Golf - 442 мың автомобиль сатылған. Үздік бестікте Honda Civic және Toyota RAV4 автокөліктері бар (425 мың және 409 мың автокөлік). Тізімнің үздік ондығына Volkswagen Tiguan, Volkswagen Polo, Honda CR-V, Toyota Camry және Chevrolet Silverado көліктері енген.