Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ҚҰРБАН АЙТ МЕЙРАМЫ ҚАРМАҚШЫДА ЕРЕКШЕ АТАЛЫП ӨТТІ

ҚҰРБАН АЙТ МЕЙРАМЫ ҚАРМАҚШЫДА ЕРЕКШЕ АТАЛЫП ӨТТІ

   Күллі мұсылман қауымы үшін қасиетті Құрбан айт мейрамы - қайырымдылық пен кеңпейілділіктің, береке-бірліктің бейнесі саналады.
"Қармақшы Ата" мешітінде жиналған жамағатты аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Әділ Үсенұлы мен аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Есдәулетов Қаршыға Құрбан айт мейрамымен құттықтап, имандылық ізгі істерден басталатынын, халықтың ықылас-ниеттерінің түзу, бірлігінің нық болуын тіледі.
Мұнан соң орталық мешіттің бас имамы Асхат Жарқынбеков мейрамның мән-маңызын түсіндіріп өтті.
Намаздан кейін жиналған қауым жайылған дастарханнан дәм татты. Мешіт ауласындағы арнайы белгіленген орында көпшілік ақсақалдардың батасын алып, құрбандық шалды.
Сонымен қатар, Құрбан айт мерекесіне орай қол күрес, гір тасын көтеру және арқан тартыс ойындары ұйымдастырылып, сайыс жеңімпаздары сый-сияпатқа ие болды.
22 тамыз 2018 ж. 1 370 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 525 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам