Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » БІРТУАР ДАРЫН, ДАРА ТҰЛҒА

БІРТУАР ДАРЫН, ДАРА ТҰЛҒА

Әдебиеттанушы-ғалым Мырзабек Дүйсеновтің 90 жылдығына орай Студенттер сарайында «Рухани жаңғыру және ұлттық әдебиет» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция болып өтті. Жиынға республикаға белгілі ғалымдар мен ақын, жазушылар қатысты. Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласының аясында өткен шараны облыс әкімінің орынбасары Руслан Рүстемов ашып берді.
Әрбір мемлекет үш дүниемен ғана мақтана алады екен. Ол – төл әдебиеті, өнер-ғы­лы­мы, тарихы. Әлемдегі барлық ғы­лым мен мәдениетті өркениеттің алып көші деп қарастырсақ, қазақ әде­биеті сол көшке көз қызықтырар сән-салтанатымен қосылатыны даусыз. Оған Сыр өңірі сүбелі үлес қоса алады. Аралдан бастап Қарт Қаратауға дейінгі кең өлкеде қазақ руханиятына еңбек сіңірген тұлғалар аз емес. Заңғар тұлға – Мырзабек Дүйсенов те сол қатарда. Ардақты азаматтың қазақ ғылымына сіңірген еңбегі ұшан-теңіз. Аса көрнекті ғалым қазақтың әдебиеттану ғылымына зор үлес қосты, жазушылықты да қатар алып жүрді, – деді облыс әкімінің орынбасары.
Қаламгер  әдебиет тарихының очеркін және қазақ әдебиеті тарихын жазуға белсене қатысты. Бірнеше әңгімелер жинағы, оннан астам повестің авторы болған оның ғылыми-танымдық эсселері мен зерттеу еңбектерінің өзі бір төбе.
Конференцияда филология ғылымдарының докторы Серік Негимов «Ардақты азамат, аяулы ұстаз» тақырыбында және филология ғылымдарының докторы Құлбек Ергөбек «Әдебиет тарихын зерттеуші» атты баяндамалар оқып, оның жан-жақты тұлғалық қасиетін ашуға тырысты.
Белгілі әдебиеттанушы ғалым, жазушы Мырзабек Дүйсенов өзі қалам тербеген қай жанрда да шеберлігін көрсете білді. Оның «Ана махаббаты», «Қалыңдық», «Гүлжан сүйеді», «Меймандар», «Ант», «Үміт», «Біз күн перзентіміз», «Бір аспанның астында», «Ғасырлар сыры», «Сағанатас сырлары» және басқа көркем шығармалары, ғылыми-танымдық эсселері, зерттеу еңбектері қалың оқырманның игілігіне айналды. Қаламгер білім-білігімен ғана емес, ешкімге ұқсамайтын стилімен де ерекшеленді. Жұрт шығармаларын іздеп жүріп оқитын автор ретінде көпке танылды.
Конференцияға қатысқан ғалымдар біртуар тұлғаның ғылыми мұрасы, хикаяттарының көркемдік ерекшеліктерімен қоса ғалымның азаматтық, ұлтжандылық, адамгершілік қасиеттеріне тоқталды. Өмір жолдарынан естеліктер айтылды.



Айтолқын БАТЫРБАЙҚЫЗЫ.
23 тамыз 2018 ж. 1 467 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 421 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам