ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ КЕПІЛІ
Сыр өңірінде болашақтың тірегі – жастардың толыққанды білім алуына жан-жақты жағдай жасалған. Жалпы, білім беру сапасы жылдан-жылға жоғарылап келеді.
Аталмыш саладағы тың серпілістер мен атқарылып жатқан игі істер жөнінде облыстық білім басқармасының басшысы Майра Мелдебекова интернет-конференция өткізді. Тікелей эфир арқылы жүргізілген конференцияда облыс бойынша 2016-2019 жылдарға арналған білім мен ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасының орындалуы жөнінде кеңінен тоқталып өтті.

– Облыстағы 665 мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында, оның ішінде 555 балабақша мен шағын орталықтарда 60 924 бала тәрбиеленуде. 1-6 жастағы балаларды қамту 62,7 пайызды құраса, 3-6 жастағы балалардың қамтылуы толықтай орындалып отыр. Облыстағы 46 инновациялық мектепте физика, информатика, химия, биология пәндерін ағылшын тілінде жүргізу басталуда. Жаңартылған мазмұн бойынша оқитын оқушыларға жаңа оқулықтар сатып алуға қажетті қаржы қаралды, – деді басқарма басшысы.
Облыста ұстаздардың кәсіби біліктілігін арттыру жалғасын табуда. Осының нәтижесінде тәжірибесі мен білімін жетілдіріп жүрген мұғалімдер жетерлік. Мәселен, 2017-2018 оқу жылында жоғарғы және бірінші санаты бар педагогтар 100 55 адамды құрады. Бұл – мұғалімдердің 49,1 пайызын құраған.
Интернет-конференцияда тұрғындардан бірнеше сұрақтар келіп түсті. Оның ішінде, студенттердің грантқа түсуі, мемлекеттік тапсырыспен оқуды аяқтағандардың еңбекпен қамтылуы, балабақшаға орналастыру тәртібі бойынша жауаптар берілді. Мәселен, мемлекеттік тапсырыспен оқуын тәмамдаған түлектердің 92,9 пайызы жұмыспен қамтылып отыр.
Білім саласында бұдан да тың серпілістер мен жетістіктер көп. Сонымен қатар, 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама бойынша жүйелі жұмыстар жалғасын табады.
Айтолқын БАТЫРБАЙҚЫЗЫ.