АЙМАҚТАҒЫ ҚҰРЫЛЫС САЛАСЫ ҚАРҚЫНДЫ
Сыр өңірінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласының дамуы қарқынды. Аталмыш саладағы жүйелі жұмыстардың оң нәтижесін облыс халқы көріп отыр.
Бүгінгі таңда аудан орталықтары – Жосалы, Жалағаш, Тереңөзек кенттерін газдандыру жұмыстары жүргізілуде. «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында Ұлттық қордан Қызылорда қаласындағы жылумен жабдықтау желілерін қайта жаңарту бойынша 8 жобаға 2,2 млрд. теңге қаржы бөлінген. Қазіргі кезеңде бұл бағытта тиісті жұмыстар қолға алынуда. Сонымен қатар, сұйық отыннан газға ауыстыру мақсатында облыстық бюджеттен 173 млн теңге бөлінген. Аталған қаржыға Қазалы, Шиелі, Жаңақорған аудандары мен Байқоңыр қаласындағы денсаулық сақтау нысандарын сұйық отынмен қамту бағытында тиісті іс-шаралар жасалуда.

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында облыс әкімінің орынбасары Серік Сүлейменов құрылыс саласындағы қарқынды тірліктерге де тоқталды. Мәселен, аймағымызда жыл соңына дейін 30 әлеуметтік нысан пайдалануға беріледі деп жоспарланған.
– Жыл басынан бері 41 әлеуметтік нысанның құрылысы басталды. «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында биыл облыс бойынша 69 көппәтерлі тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Оның ішінде 21 үй жеке құрылыс компаниялары есебінен салынуда, – деді облыс әкімінің орынбасары.
Аймағымызда жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, төтенше жағдайлар мен азаматтық қорғаныс саласында да алға ілгерушілік байқалады. Қазіргі таңда облыс бойынша 40 инженерлік инфрақұрылым жобалары бойынша барлығы 495 шақырым желі тартылған.
– 2018 жылдың алғашқы жартыжылдығында мемлекеттік пен жеке инвестициялар есебінен салынатын нысандарға құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізу туралы 141 хабарлама түскен. Оның 63-і бюджет қаражаты есебінен салынып жатқан құрылыстар (35-і жаңа құрылыс), ал қалған 78-і жеке қаражаттарына салынып жатқан нысандар. Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы арқылы басқармамен жалпы саны 195 тексеру жүргізілген, – деді облыс әкімінің орынбасары.
Жолдарды жөндеуде толымды тірліктер атқарылуда. Мәселен, автомобиль жолдары мен елді мекендер көшелерін жөндеуге және көлік инфрақұрылымын дамытуға 13,5 млрд теңге бөлініп, жол мен көшелерді жөндеу жүргізілуде.
– Облыс аумағында 212 елді мекенді аудан және облыс орталығымен жалғайтын 211 тұрақты автобус қатынасы ұйымдастырылған. Халықаралық бағыттағы жолаушы тасымалын жетілдіру мақсатында халықаралық «Қызылорда-Ташкент-Қызылорда» тұрақты маршруты іске қосылды., – деді облыс әкімінің орынбасары.
Облыс әкімінің орынбасары сыр өңірнің әуе қатынасындағы жетістіктерге де тоқталып өтті. Биылғы жағымды жаңалық, 16 шілдеден бастап аптасына 4 рет қатынайтын халықаралық «Мәскеу-Қызылорда-Мәскеу» рейсі ашылды.
Айтолқын АЙТЖАНОВА.