Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » АУА РАЙЫ: ЦИКЛОННЫҢ ЫҚПАЛЫ ӘЛІ БАР

АУА РАЙЫ: ЦИКЛОННЫҢ ЫҚПАЛЫ ӘЛІ БАР

     Батыс және оңтүстік облыстарда ғана күн жауын-шашынсыз болады.
“Қазгидрометтің” хабарлауынша, республиканың басым бөлігіне циклон мен оның атмосфералық бөліктері әсерін тигізеді, соның салдарынан жаңбыр жауады, солтүстік-шығыстың кей жерінде нөсер болуы мүмкін. Еліміздің көп бөлігінде бұршақ жауып, жел де күшейеді.
Мамандардың болжамына қарағанда, республиканың солтүстігі мен орталығында тұман түседі. Батыста және оңтүстікте күн жауын-шашынсыз болады.
Ақмола, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде найзағай ойнап, түнде және таңертең тұман түседі, жел 15-20 м/с-қа күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін.
Жамбыл, Түркістан, Қостанай, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан облыстарында да жел 15-20 м/с-қа дейін күшеюі мүмкін.
Павлодар облысында күндіз кей жерлерде найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін. Шығыс Қазақстан облысында да найзағай ойнап, 15-20 м/с жел соғады, күндіз бұршақ жауады.
Қызылорда, Жамбыл, Түркістан, Ақтөбе, Атырау, Манғыстау, Қарағанды, Қостанай облыстарында дала өрті қаупі күшейеді.
Еске салайық, бұған дейін “Қазгидромет” синоптиктері 25-27 күндері еліміздің көп бөлігінде толассыз жаңбыр жауатынын хабарлаған еді.

27 тамыз 2018 ж. 959 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 443 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам