ҚЫЗЫЛОРДАДА «ЖАСӨСПІРІМ » ЖЕДЕЛ-ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ШАРАСЫ БАСТАЛАДЫ

«Жасөспірім» өткізу барысында кәмелетке толмағандармен және олардың қатысуымен жасалған құқық бұзушылықтарды, кәмелетке толмағандарға қатысты басқа да құқыққа қарсы әрекеттерді анықтау мақсатында жасырын сауалнамалар жүргізіледі.
Іс-шара кезінде облыс көлемінде жергілікті полиция қызметкерлері мүдделі мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін тарта отырып кәмелетке толмағандардың көп жиналатын орындарында рейдтік іс-шаралар өткізу жоспарлануда.
Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі