ОРАЛДЫҚ СТУДЕНТ ДОСЫНЫҢ ШАШЫНА ГОЛОВКИННІҢ СУРЕТІН САЛДЫ
Думан Ілиясов есімді суретші Азамат есімді досының шашына Геннадий Головкиннің суретін салып берді.
Думан Құрманғазы атындағы музыкалық колледжде оқиды, Орал қаласының тұрғыны. Портретті шашына салдырған Азамат жастайынан бокспен шұғылданған әрі Голвкинді үлгі тұтатын көрінеді.
Думан Құрманғазы атындағы музыкалық колледжде оқиды, Орал қаласының тұрғыны. Портретті шашына салдырған Азамат жастайынан бокспен шұғылданған әрі Голвкинді үлгі тұтатын көрінеді.
«Сурет салғанды қатты жақсы көремін. Интернеттен видеоларды қарап, осындай шаш үлгісін жасауды үйрендім. Бұл – менің алғашқы жұмысым. Бірінші тәжірибе болғандықтан, портретім ойдағыдай шықпауы мүмкін. Болашақта ары қарай үйренемін. Ең қиыны көз бен ерінді салу. Головкиннің бейнесін жеткізетін де сол. Геннадий Головкин рингте өте жақсы өнер көрсетеді. Талантты нағыз болмысын, мықтылығын, көркемдік бейнесін де барынша көрсетуге тырыстым», – дейді шаштараз-суретші.