ГОЛОВКИННІҢ БАПКЕРІ АЛЬВАРЕСТІҢ ТАЗА НОКАУТҚА ТҮСЕТІНІН АЙТТЫ

«Канело» бірінші кездесуде жұдырықтасқан жоқ, ол екінші кездесуде де олай ете алмайды. Өйткені сол кезде оның жұдырықтасқаннан қашып жүргені көп болды. Егер мықты соққы жұмсай білмесең жеңе алмайсың. Егер «Канело» осы жолы да қашып жүретін болса, Головкин оны нокаутқа түсіру үшін қолдан келгеннің бәрін істейді. Геннадий оны таза нокаутқа жібереді, өйткені ол допинг қабылдамайды. Біз бұл жолы жылдам қимылдап, қарсыластың дене мүшелеріне көбірек соққы жасаймыз»,-деді Абель Санчес. Реванш 5 мамырға жоспарланған, ол лас-Вегастағы T-Mobile Arena-да өтеді. Канелоның промоутерлік компаниясы Golden Boy Promotions қазақстандық боксшы Геннадий Головкинмен кездесудің алдында Альварестен алынған сынамалардан Кленбутеролдың табылғандығын жариялады. Кешірек Геннадий Головкин Альварестің сынамаларынан тыйым салынған препараттардың табылуына алаңдаушылық білдірді. Альварестен соңғы рет алынған екі сынамада мұндай препараттар табылмады.
http://www.inform.kz