МЕЗГІЛСІЗ АҚҚАН ЖҰЛДЫЗ: ДЕНИС ТЕННІҢ ӨМІРДЕН ӨТКЕНІНЕ 40 КҮН БОЛДЫ (ВИДЕО)
Қазақстан халқы талантты мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннен айырылғанына 41 күн болды. Бұл туралы 31 арнағасілтеме жасаған NUR.KZ жазады.
Алматы тұрғындары Денис Теннің қаза тапқан жеріне әлі де гүл шоқтарын әкелуде.
Ал оның туыстары мен достары мәнерлеп сырғанаушыға арнап естелік көрмесін ұйымдастырған.
Марқұмның досы Динараның айтуынша, оның достары қазір ""Егер мен осылай істесем, Денис не айтар еді?" деп ойлайды. Сондай-ақ, олар үнемі Денисті өз орнына қойып, әлемге мәнерлеп сырғанаушы көзімен қарап көреді екен.
Бұдан бөлек, олар Денистің әндері жазылған альбом мен "Мини-Денис" кітабын жарыққа шығармақ.

"Ол біздің кеудемізде осындай ой қалыптастырып кетті" ,- деді Динара.Қазір Денистің достары спортшының жазған сценариі бойынша "Соқыр махаббат" фильмін түсіруге қаржы жинап жатыр екен.