Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » GGG МЕН «КАНЕЛО» АРАСЫНДА ҮШІНШІ ЖЕКПЕ-ЖЕК ӨТУІ МҮМКІН

GGG МЕН «КАНЕЛО» АРАСЫНДА ҮШІНШІ ЖЕКПЕ-ЖЕК ӨТУІ МҮМКІН

  Орташа салмақ дәрежесі бойынша Әлем чемпионы Геннадий Головкиннің промоутері Том Леффлер қазақстандық боксшы алдағы Сауль Альвареске қарсы рематч қаржылық тұрғыдан тиімді болғандықтан, оны өткізуге келіскенін мойындады. Сондай-ақ, боксшылар үшінші мәрте рингке шығуы мүмкін екенін де жеткізді, деп хабарлайды Sports.kz.

Леффлер боксшылар арасында үшінші жекпе-жек өтуі мүмкін екенін айтты. Алайда бұған 15 қыркүйекте өтетін қарымта кездесудің мерзімінен бұрын нокаутпен аяқталуы кедергі келтіруі мүмкін. «Осыншама ақша табу үшін бізге «Канело» қажет. Егер одан да танымал боксшы табылғанда, әңгіме басқаша болар еді. Ал «Канелоның» жолы болды, ол Котто мен Чавеске кездесті. Ол үшін енді Головкиннен мықты боксшы жоқ. Геннадий үшін де Саульдан артық боксшы табыла қоймас. Сондықтан, бұл айқас қыркүйекке жоспарланбағанның өзінде келешекте өтер еді. Алайда жекпе-жектің күні белгіленіп отыр, сондықтан барлығы оның өткізілу барысына байланысты болады. Үшінші кездесу болуы мүмкін, алайда 15 қыркүйектегі жекпе-жек нокаутпен аяқталатын болса, рематчтың болуы екіталай», - деді Т. Леффлер.
30 тамыз 2018 ж. 1 140 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 524 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам