ГОЛОВКИН- АЛЬВАРЕС РЕВАНШЫ: ҚАЗАҚСТАНДЫҚ БОКСШЫ НЕНІ ҚАЛАЙДЫ
Boxingscene.com-ның тілшісі Майкл Розенталь Геннадий Головкин (38-0-1, 34 КО) мен Сауль Альварес (49-1-2, 34 КО) арасындағы қарымта жекпе-жектің қаржылық аспектілері туралы айтты, деп хабарлайды Sports.kz.
Аталған боксшылар арасындағы жекпе-жек 15 қыркүйекте өтуі тиіс. Алайда қаржылық келіспеушіліктерге байланысты келіссөздер нәтижесіз өтуде. Головкин табыстың 50/50 бөлінгенін қаласа, «Канело» - 65/35 бөлігін өзіне алғысы келеді. «Головкин «Канеломен» екінші рет шыққаны үшін 30 миллион доллар пайда табуы мүмкін. Қазақстандық боксшы табысты мүмкін болмаса да 50/50 бөлейік деп сұрап отыр. Ол осы арқылы жекпе-жек табысын 60/ 40 қылып, Альварестің пайдасына беруге тырысуда. Бұл әрине, бірінші айқас табысының 70/30 бөлінісіне қарағанда жоғары», - деп жазады Розенталь.