АЗИАДА-2018: ДЗЮДОШЫ ҚАЗАҚСТАНҒА ТАҒЫ БІР АЛТЫН АЛЫП КЕЛДІ

81 келі салмақта қазақстандық спортшының қарсыласы ирандық дзюдошы Саид Моллаи болды. Бұл Азиада-2018 ойындарындағы Қазақстан құрамасының қанжығасындағы 56-ншы медаль. Бұдан басқа спортшыларымыз 11 күміс және 35 қола медальдың иегері атанды. Бұл алтын медальдың арқасында Қазақстан оныншы орынға көтерілді.