АЗИАДА-2018: НҰРМАХАН ТІНӘЛИЕВ КҮМІС ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ
Индонезияда өтіп жатқан Жазғы Азия ойындарында бүгін грек-рим күресінен ел намысын қорғаған аса ауыр салмақтағы Нұрмахан Тінәлиев күміс жүлдені жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ҚР Ұлттық Олимпиадалық комитеттің баспасөз қызметі мәлім еткендей, грек-рим күресінен аса ауыр салмақта белдескен Нұрмахан Тінәлиев финалда өзбекстандық Момынжан Абдуллаевқа есе жіберіп, күміс жүлдені қанағат тұтты. Белдесу 8:0 есебімен қарсыластың пайдасына аяқталды. Отандасымыз ширек финалда - Индонезия, жартылай финалда Жапония спортшысынан басым түскен болатын. Осы орайда айта кетейік, Нұрмахан Тінәлиев 2010 және 2014 жылғы Азия ойындарының чемпионы атанған болатын. Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін грек-рим күресінен үш балуанымыз қола медаль жеңіп алған болатын.