Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ЖҰЛДЫЗНАМА БЕЛГІЛЕРІНІҢ ДҮНИЕҚОҢЫЗДЫЛЫҚ РЕЙТИНГІ: БАРЛЫҒЫНАН ДА КІМ ЖОМАРТ, АЛ ҚАЙСЫСЫ БАРЫНША ДҮНИЕҚОҢЫЗ

ЖҰЛДЫЗНАМА БЕЛГІЛЕРІНІҢ ДҮНИЕҚОҢЫЗДЫЛЫҚ РЕЙТИНГІ: БАРЛЫҒЫНАН ДА КІМ ЖОМАРТ, АЛ ҚАЙСЫСЫ БАРЫНША ДҮНИЕҚОҢЫЗ

Ысырапшылық пен берекетсіздік жұлдызнаманың барлық белгілеріне бірдей тән емес. Жұлдыздар патшалығында сараңдығы шектен тыс, ал жомарттықты лайқысыз сән-салтанат деп санайтын өкілдер де кездеседі.

Сараңдық - бұл қаперге ілмеуге болмайтын теріс факторлардың бірі. Табиғи қасиеттің ырқына көнбеңіз, олармен күресуіңіз керек. Бірақ табиғатпен берілген қасиет біраз уақыттан кейін өз басымдығына ие болады. Сайттың астрологтары түзген сараңдық, ашкөзділік және дүниеқоңыздылықтың жорамалы жұлдызнама шеңберіндегі ең сараң, бақай есепшіл және тойымсыз белгілерін саусақпен шұқып көрсетеді.

12-орын: кең пейілді
Мергендерге ешқандай шағым жоқ. Өйткені олар жұлдызнама шеңберіндегі ең жомарт жандар. Олармен күресудің еш мәні жоқ. Олар қалай болғанда да көмек көрсетудің жолын табады: ашыққандарды тойындырып, кедейлерге қамқорлық жасайды және сараңдарды санасына сәуле түсіреді. Яғни, мергендер қамқорлық жасағанды әрі көмек көрсеткенді жақсы көреді. Әрине тегін емес, жымиыс пен шынайы «рахмет» үшін. Сондықтан да ақша да мергендерді жақсы көреді және өздігінен олардың қолына түсуге әр уақытта ұмтылады.

11-орын: шынайы ысырапшыл
Іс жүзінде тізімнің соңында тұр десек те болады. Су құйғыш өкілінің бұлай орналасуы өте жақсы. Бұл адамдар өзге адамдарға кеңпейілді ғана емес, сонымен бірге олар нағыз ысырапшылдар. Олар үшін ең басты басымдық – сүйікті туған-туыстарын, жақын достары мен әріптестерінің қажетіне жарап, қуанту. Олар өте қамқор, ұқыпты және әсіресе төңірегіндегілердің қалауына мұқият қарағыш. Өз қалауың жайлы аздап тұспал жасасаңыз болғаны, су құйғыштар бізден жасырын оны орындауға жүгіреді.

10-орын: әсерлі пайда болғанды сүйетіндер
Әсерлілік, сән-салтанаттық пен кербездік туралы барлық мән-жай Арыстандарға болмағанда басқа кімге белгілі. Бұл белгі өкілдері еш уақытта да назардан тыс қалдырмайды және өздерінің жақындарына қымбат сыйлықтар жасайды. Тек жете таныс емес адамдар ғана арыстанның бет-әлпетінен әккі сараңдықты көре алады. Дегенмен, сіз астрологиялық шеңбер патшасының көңілін көтеріп, ұнай алатын болсаңыз онда ол сізге де ақша жұмсайтын болады. Арыстандар жалт-жұлт еткен, жарқыраған дүниенің барлығын сатып алады және ол оларға ләззат сыйлайды. Барлығын да сатып алуға болады деп жиі ойлайды.

9-орын: пайдакүнем әрі қу
Ысырапшыл тоқтылар 9 орынға тұрақтады. Бұл белгіге тән өкілдер жомарт, дегенмен ұқыпты адамдар. Тоқтылар өз ақшасын келешекке сала алады. Басқаша сөзбен айтар болсақ, тұлға аралық қарым-қатынасқа инвестиция салады. Егер сіздің өміріңізде белсенді тоқты болса және ол сыйлық беруге келгенде сараңдық танытпаса, барлық уақытта қарыз беріп, материалдық жағынан көмек көрсететін болса, онда ол сізден ұзақ уақыттан бері өзара тиімді іскерлік қарым-қатынас орнаған әлеуетті үміткерді көретіндігіне сенімді болыңыз. Тоқтылар ертелі-кеш өзіне қажет болатын адам екендігіне сенімді болса, онда бүкіл ақшасын жұмсауға дайын.

8-орын: тек өзгенің есебінен болса ғана
Таразыларды жомарт адамдар деп батыл айтуға болады. Дегенмен бір бірағы бар: олар өзгенің қаражатын жұмсағанды жақсы көреді. Таразылар егер бастапқыда өзіне демеуші табатын болса, онда сізге тіпті Айдан жерді де зор ризашылықпен сатып ала алады. Таразыларға ата-анасынан, достарынан, сүйікті адамынан немесе бір алаңда тұратын көршісінен өзінің қыдыруына, көңіл көтеруіне қарызға ақша сұрап алу ең қиын емес. Ең бастысы кейін қайтаруға тура келмесе болғаны.

7-орын: көлгір
Сарышаяндар үшін жомарттық – бұл өзін жақсы жағынан көрсетудің тамаша мүмкіншілігі. Ең бастысы таныстары олардың бюджетін, жаңа жөндеу жұмыстарын, сән-салтанаты келіскен интерьерін, тиімді жұмысын және жалпы олардың дәулеттілігін лайықты бағаласа болғаны. Бірақ, сарышаяндар материалдық проблемаға тап болғанда олар бірден көзден таса болады.

6-орын: көрермен қажет
Егіздердің сараң әлі жомарт екендігін әлі айқындалған емес. Бұл белгі жайында олардың жомарттық танытуы үшін көрермен, публика және мүмкіндігінше кадрдан тыс қол шапалақтаушылар қажет екендігін анық. Олардан көмек сұрап көп адам қарап тұрған кезде жүгініңіз. Міне, сол кезде олар әмиянындағы соңғы ақшасын беруге, сізді бастан аяқ мақтауға және сізді көрші үйге дейін таксимен жіберуге дайын болады.

5-орын: бәрі де күрделі
Балықтар дәл ортасында тұр. Олармен барлығы да күрделі. Өйткені, олар жан ауыртарлық сараң болуымен қатар, жан қуантарлық жомарт та болуы мүмкін. Барлық мәселе балықтардың материалдық жағдайына емес, олардың көңіл күйлеріне байланысты. Бұған қоса, олардың көңіл-күйлері «бүгін мен сағат барлығын, бүкіл аспанды, жұлдыздары, теңізді сатып алып беремін» дейтін жағдайда, ал қай уақытта «менен ештеңе сұрама» дейтін күйде болатындығын дөп басу қиын. Дегенмен, dailyhoro.ru сайтының астрологтарына құпия жолдары белгілі. Балықтар нақтылықты жақсы көреді. Сондықтан нақты, анық, түсінікті және ешқандай ұялмастан оларға өзіңнің қалауыңды тік айту қажет. Егер балықта ақша бар болатын болса, онда сізге қымбат әрі көңілге қонымды сыйлық жасарына сенімді болыңыз.

4-орын: жалшы
Торпақтар өздеріне біреулердің ақша жұмсағандығын өте жақсы көреді. Бұған қоса олар мұндай жайттан мүлдем ұялмайды да. Әйелдер де, еркектер де бұл белгі өкілдері арасында ашыналар мен альфонстардың көп екендігінен сақ болыңыз. Олардың белгілі бір әдістері де бар: олар бірнеше рет сіз үшін көл-көсір ақшаны желге шашуға дайын. Ал одан кейін ұялмастан сіздің лимитсіз несиеңізді пайдаланатын болады. Дегенмен, қиын материалдық проблема орын алған жағдайда торпақтар сіз жақтан табылып, барлық уақытта көмекке келеді, қорғайды және олардың барлық кемшіліктерін теңестіру үшін төлем де жасайды.

3-орын: барлығы үйге
Шаяндар өздері үшін өмір сүріп, қажетті және шын мәнінде құнды заттарға ғана ақша жұмсайды. Достарына және жақын адамдарына өте сараң. Шаяндар үшін басты бағдар - бұл үйге арналған, өзінің жайлылығына қажетті заттарды сатып алу. Сондықтан олардан сәнді сыйлықтар мен ашық қимылдарды күтудің қажеті жоқ. Шаянға әтір не теледидар сатып алуды ұсынатын болсаңыз, олар әрқашан екіншісін таңдайды. Сондықтан олардың үйі-жайы сән-салтанатты , онда барлық уақытта да жайлылық орнаған, жаңа жөндеу жұмыстары, жәдігер дүниелер және технологиялық сәннің соңғы жаңалықтары әрқашан билік етеді.

2-орын: материалды өзімшіл
Бикештер ақшаны бостан-босқа желге шашпайды және әмиандарына бостан-бос қолға алмайды. Дегенмен, бұл аталған белгі өкілдері сәнді әрі қымбат заттар сатып алмайды дегенді білдірмейді. Шындығына келгенде олар тек өздеріне ғана сатып ала алады. Алайда, бикештер қулыққа тез көніп қалады. Сондықтан олардан бірнеше мың суырып алу қиындық тудырмайды. Бірақ, олар материалдық жағдай шатқаяқтай бастаған кезде берген ақшасын қайтарып беруді де талап етеді.

1-орын: нағыз сараң
Міне, біз де жұлдызнаманың ең сараң белгісіне де келіп жеттік. Бірінші орында сараңдығын жасырмайтын тауешкі тұр. Бұл белгі өкілдері ақшаны тек қана өзінің қоғамдық мәртебесі үшін салуға дайын. Достары, сүйіктісі және туған туыстары назардан тыс қалып жатады. Дәл осы тауешкілер қайдан және нені арзан сатып алуға болатындығын іздейді. Дегенмен, сараңдық олар үшін кемшілік емес, керісінше абырой саналады . Оны әр уақытта да өзгелерге көрсетіп отыруы қажет, әйтпесе мойынға отырып алады деп санайды.

Дереккөз: moimozg.ru
31 тамыз 2018 ж. 1 440 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 421 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам