Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ДОПИНГ ҚОЛДАНҒАНЫН МОЙЫНДАҒАН НЕМІС СПОРТШЫСЫ ОЛИМПИАДА МЕДАЛІН САҚТАП ҚАЛДЫ

ДОПИНГ ҚОЛДАНҒАНЫН МОЙЫНДАҒАН НЕМІС СПОРТШЫСЫ ОЛИМПИАДА МЕДАЛІН САҚТАП ҚАЛДЫ

Сеул Олимпиадасының чемпионы неміс онсайысшысы Кристиан Шенк допинг қолданғанын мойындағанымен, медалін сақтап қалды, деп жазады «Хабар 24».

ГДР атынан өнер көрсеткен Шенктің сөзіне қарағанда, ол спорттық ғұмырында үнемі допинг, соның ішінде туринабол стероидін қолданған. Спортшының еншісінде 1988 жылғы олимпиада алтынынан бөлек 1990 жылғы Еуропа чемпионаты мен 1991 жылғы әлем чемпионатының қола медальдары бар.  Халықаралық олимпиада комитеті 53 жастағы Шенктің шындықты жайып салғанын дұрыс қабылдап, мерзімнің баяғыда өтіп кетуіне байланысты спортшыны жүлделерінен айырмаймыз деп шешті. «Бұл жайттың бұрын болғанын есепке ала отырып ХОК ешқандай шара қолданбайды. Оның өз кінәсін мойындағаны дұрыс болды және алдағы уақытта бұл допингпен күресуге көмектеседі деп ойлаймыз», - деп хабарлады ХОК өкілдері. 1994 жылы карьерасын аяқтаған Шенк телевидениеде жұмыс істеп қана қоймай, табысты кәсіпкерге айналды. Бұрынғы спортшы қайырымдылыққа да көңіл бөлген, деп жазады Sports.ru
03 қыркүйек 2018 ж. 797 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 443 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам