"ӘЛЕМНІҢ ЕҢ ӘДЕМІ ҚЫЗЫ" БІРІНШІ СЫНЫПҚА БАРДЫ
2017 жылы шетелдік БАҚ өкілдері "әлемдегі ең әдемі қыз" деп атаған ресейлік Анастасия Князева биыл бірінші сыныпқа барды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қыздың анасы Instagram әлеуметтік желіде мектепке барған суреттерін бөлісті. Кәмелет жасқа толмаған ресейлік қыз желі қолданушыларын өзінің үлкен көк көзі мен қуыршақ бет-әлпетімен таңғалдырған. Оның Instagram әлеуметтік парақшасына 1,3 миллион адам жазылған. Кішкентай кезінен берін Анастасия модель болып жұмыс істейді, сондай-ақ бірінші сыныпқа енді барған ресейлік қыз жарнама кампанияларында түседі. Кейбір желі қолданушылары анасы Анна Князеваны қызының арқасында ақша тауып отыр деп теріс пікірлер жазған. Өз кезегінде Анна хейтерлерге жауап ретінде "қара терге" салынып жұмыс істейтінін айтып мәлімдеген. "Менің балаларым өте ақылды, тәрбиелі. Себебін мен уақытымды ұтымды жұмсап, олардың тәрбиесімен айналысамын деп түсіндіре аламын. Настя 8 айынан бері жөргексіз жүрген. Ол үшін арнайы дәртехана бар екенін сол кезден-ақ білген. Ұлым да жақсы оқиды. Ол шахмат бойынша аудандық чемпион. Мұғалімдерінен келіп түсетін көптеген алғыс хат бар, сондай-ақ мақтау қағаздары бар. Спортпен де шұғылданады, достары да көп және жай ғана жақсы адам. Енді мені жаман ана дейсіздер ме???", - деп жазды қыздың анасы.