ЖАҢА МЕКТЕПТЕРДЕ АЛҒАШҚЫ ҚОҢЫРАУ СОҒЫЛДЫ
1-қыркүйек күніеліміздің барлық мектептерінде алғашқы қоңырау салтанаты өткізілді. Білім күніне орай аймағымызда бірқатар білім ошақтары оқушыларға есігін айқара ашты. Мәселен, мереке күні Жаңақорған ауданында 2 жаңа мектеп пайдалануға берілген. Оның бірі – Түгіскен ауылындағы 300 орындық №256 мектеп. Оның ашылу салтанатына облыс әкімінің орынбасары Руслан Рүстемов қатысып, аймақта әлеуметтік саланың дамуына баса назар аударылатынын атап өтті.
– Биылғы жыл Түгіскен ауылының тұрғындары үшін жағымды жаңалықтарға толы болды. Мамыр айында ауылда 140 балаға арналған балабақша және спорттық-сауықтыру кешені пайдалануға берілген болатын. Бүгін жаңа мектепте алғашқы қоңырау соғылады. Жалпы, аймақта әлеуметтік салаға басымдық беріліп отыр. Бірнеше жылдан бері облыстық бюджеттің ауқымды бөлігі әлеуметтік жобаларды қаржыландыруға жұмсалуда, – деді облыс әкімінің орынбасары.
Осындай 300 орындық мектеп Жаңақорған кентінде де іске қосылған. Атап өтейік, Жаңақорған ауданында биыл 4 білім ошағы пайдалануға берілетін болады. Бұған дейін Жаңақорған ауданының Қожамберді ауылында 200 орындық №162 мектеп ашылған болатын. Сонымен қатар, жыл соңына дейін Аққұм ауылындағы 100 орындық білім ұясының да құрылысы аяқталады деген жоспар бар.
Сондай-ақ, 30 тамыз күні Қазалы ауданының орталығында, Әйтеке би кентінде 300 орындық мектеп пайдалануға берілген болатын.
Аймағымызда соңғы 5 жылдың ішінде 45 білім ошағы, оның ішінде 37-сі апаттық мектептің орнына салынған. Ал, жыл соңына дейін Арал қаласында 300 орындық және Қызылорда қаласында 600 орындық мектеп ашылады деп жоспарланып отыр.

Айтолқын АЙТЖАНОВА.