Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады

ӨНЕГЕЛІ ӨМІР

    Аға буын қазіргідей мамыражай дәуірді бастан өткізген жоқ. Олар қуғын-сүргін, асыра сілтеуге ұшыраған ағаларын көзбен көрді, сұрапыл соғыс басталған жылы бұғанасы қатпай жатып еңбек етті.Соның бірі – Молдабек Бәйімбетов болатын. Кім дейсіз ғой, 1930 жылдың төртінші ақпанында қара шаруаның отбасында дүниеге келді. Сұлутөбе тұсындағы №14 разъезде балалық шағы өтті. Содан мектеп есігін ашты. Әскери борышын Қиыр Шығыстағы атқыштар полкінде өткізді. Әскери тәртіпті бойға сіңірді, бұлжытпай орындайтын сержант атанды. Ата-анасы әскери басшының “Молдабек Келманұлы сынды тәртіпті азаматты өсіргендеріңіз үшін Сіздерге алғыс айтамыз. Біздің полкта оның суреті Құрмет тақтасында тұр” деген хаттарын алғанда Келман атаның қуанғанын жерлестері жыр етіп айтып жүруші еді.
Бала Молдабек алдымен ауылшаруашылық техникумын, одан соң Алматы ауылшаруашылық институтын бітірді. Институтты үздік бітіріп, ғалым-аграном болып туған жерге оралды. 1956 жылы Сыр өңіріндегі Қарауылтөбе күріш ғылыми-зерттеу шаруашылығында еңбек жолын бастады. Бірер жылдан соң аға ғылыми қызметкер, бөлім меңгерушісі, тұқым шаруашылығын басқарды.
Күріш дақылын өсірудің қыр-сырын меңгерген білікті маман Молдабек Бәйімбетов обкомның ауылшаруашылық бөлімінің нұсқаушылық қызметіне жоғарылады. Бірер жылдан соң өзін еңбекте танытқан азамат Жаңақорған аудандық партия комитетінде екінші хатшылық қызметті сегіз жыл атқарды. “Түгіскен” массивін игеру, ауданда дәнді дақылдардың шығымдылығын арттыруда өлшеусіз еңбек етті. Ғалым аграном өзінің шебер ұйымдастыру қабілетін танытты.
Бір кездері Сыр өңірінде Қарауылтөбе күріш ғылыми-зерттеу институтының филиалы болды. Барлық зерттеу жұмыстары, күріштің жаңа сорттарын өсірудің нағыз орталығына айналды. Еліміздің түкпір - түкпірінен келген ғалымдар Қарауылтөбенің күріш плантацияларында өскен жаңа сорттарға ықыластана назар аударды. Осы бір сәтте шаруашылықты басқаруға бірден бір лайықты кадар деп аталып, Молдабек Бәйімбетов директорлыққа бірауыздан сайланды. Ол күріш ғылыми-зерттеу институтының филиалы  Қарауылтөбе шаруашылығында он жылға жуық еңбек етіп, шаруашылықтың сан салалы жұмысын жанжандырды. Орталықта жаңа үйлер салынды, су құбырлары тартылды, мектеп құрылысы басталды, балалар бақшасы бой көтерді. Күріш дақылының шығымдылығы артып, жаңа сорттарға жол ашылды. Қысқасы, шаруашылықтың өсіп өркендеуіне тер төккен азаматтың есімі әлі күнге дейін ел аузынан түспей келеді.
Ғалым-аграномның өмірдеректеріне тағы бір көз жүгіртіп көрейік. Өмірінің соңғы жылдарында тұқым шаруашылығында директор, облыстық тұтынушылар одағында орынбасар сынды лауазымды қызметтің тізгінін ұстағаны байқалады.
Ер еңбегі кезінде лайықты бағасын алғанына өзі жазған өмірбаянында тайға таңба басқандай өнегелі еңбектің үлгісін паш етіп тұрғандай. Екі рет “Құрмет” белгісі орденімен және басқа да медальдармен марапатталған. Аудандық кеңеске бірнеше дүркін депутат боп сайланғаны тағы бар.
Бұл күндері Молдабек Бәйімбетовтің отбасы немере-шөберелермен көбеюде. Әулеттен тараған он екі ұл-қыз шаңырақты одан әрі биіктете түсуде. Сүйікті жары Райхан ұл-қыз өсіріп, немере сүйіп, дүние салды.
Жүйткіген уақыт қас қағым сәтте зымырап өтіп жатыр.Сырдың біртуар перзенті Молдабек Бәйімбетовтің дүние салғанына биыл 20 жылдан асып барады. Ардагер азаматпен қызметтес болған мемлкет және қоғам қайраткері, Қаһарман Табынбаев әлі күнге төгілте әңгімелейді.
Иә ер есімі ел есінен шықпауы керек. Көп жыл қызмет атқарған Қарауылтөбе елді мекеніндегі бір көшеге Молдабек Бәйімбетовтің есімі берілсе артықтық етпес еді. Бұл ой қолдау тауып жатса ұрпағына ұмытылмас ескерткіш болары ақиқат.
Бізде осы бір ұсынысты қолдар едік.


Қайырбек Мырзахметұлы
04 қыркүйек 2018 ж. 1 292 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 443 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам