МЕКТЕПТЕ ӘСКЕРИ-ПАТРИОТТЫҚ МҰРАЖАЙ АШЫЛДЫ
Қызылорда қаласындағы №253 орта мектеп жанынан «Алтын адам» әскери – патриоттық мұражайының ашылу салтанаты өтті.
Мұражайға әскери көліктердің макеттері, жауынгерлік радио – телефондар, түпнұсқадағы пневматикалық қарулар, Калашников қаруы, Сапёрлар қолданған қарулар, жауынгерлік гранаталар мен соғыс кезіндегі фотосуреттер қойылды.
Ұлы Отан соғысының жәдігерлері Жәлел Қизатов, Жақыпбек Махамбетов, Нағи Ильясов, П.Д.Осипенко, Жаппасбай Нұрсейітов, Иван Панфиловтың құрметіне арнайы стенд қойылған. Онда есімі тарихта алтын әріптермен жазылған батырлардың өмір жолдары мен ерен ерліктері туралы айтылған. Ашылу салтанатында ерлік – үйлестіру кеңесі ерекше сыйлық жасады. Ұлы Отан соғысы жылдарында майдан даласынан табылған экспонаттарды мұражайға тарту етті.
Салтанатты жиын патриоттық кешпен жалғасын тапты. Қызылорда облысы жастар ресурстық орталығының директоры Алдабергенов Жасұлан жоғарыда аталған мектеп директорлары мен АӘД пәнінің жетекшілеріне Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Руслан Рүстемұлы мен Қызылорда облысы жастар саясаты мәселелерінің басқарма басшысы Еркебұлан Қайырбекұлының «Алғыс» хаттарын табыстады.