ШЫМКЕНТТЕ “7-20-25” БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША БАСТАПҚЫ ЖАРНА СОМАСЫ ТӨМЕНДЕТІЛДІ
«Баспана» ипотекалық ұйымының басшысы Қайрат Алтынбеков пен Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов жас отбасылар мен бюджет саласындағы жұмысшылар үшін «7-20-25» бағдарламасының бастапқы жарнасын 10 пайызға дейін төмендету туралы меморандумға қол қойды.
Ипотекалық ұйымға бастапқы жарнаның екінші бөлігінің, яғни сатып алынатын баспана құнының тағы 10 пайыз төлемін қалалық әкімдік өз мойнына алады. Ал жас отбасылар мен бюджет саласындағы жұмысшылар бұл ақшаны қала қазынасына біртіндеп қайтаратын болады.
Бағдарламаны жүзеге асыру үшін биыл ғана бөлінген қаржы көлемі жарты миллиард теңгені құрайды. Алдағы уақытта, 2019-2020 жылдары, осы мақсатта тағы жарты миллиард теңге бөлінетін болады.
Алдын ала есеп бойынша, қалалық әкімдіктің мұндай бастамасы арқылы шамамен 2 мың жас отбасы мен бюджет саласының жұмысшысы баспана алар кезде бастапқы жарнаны төмендету бойынша көмек ала алады.
«Шымкент «7-20-25» бағдарламасына қатысатын азаматтарды қолдау мақсатында жергілікті әкімдікпен бірлескен жоба жүзеге асырылатын алғашқы өңір болады», – дейді «Баспана» ипотекалық ұйымының басшысы Қайрат Алтынбеков.
Сонымен қатар ол ипотекалық ұйым еліміздің өзге де өңірлеріндегі қалалық және облыстық әкімдіктермен дәл осындай шартпен жұмыс істеуге дайын екенін мәлімдеді.
Қалалық әкімдік мәліметінше, «7-20-25» бағдарламасын жүзеге асыру аясында жалпы аумағы жарты миллион шаршы метр баспана өткізіледі.
Источник: Stan.kz