Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » «7-20-25» БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША ҮЙ АЛУ ҮШІН ҚАНДАЙ ҚҰЖАТТАР ҚАЖЕТ

«7-20-25» БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША ҮЙ АЛУ ҮШІН ҚАНДАЙ ҚҰЖАТТАР ҚАЖЕТ

    Жаңа бағдарламаның операторы болып табылатын «Баспана» ипотекалық компаниясының Басқарма Төрағасы Қайрат Алтынбеков бүгінгі брифинг барысында «7-20-25» бағдарламасының негізгі өлшемдері туралы айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

«Баспана» Басқарма Төрағасы Қайрат Алтынбеков Ұлттық Банктің және «Баспана» ипотекалық ұйымының Алматы қаласында өткен брифингі барысында Елбасы белгілеген «7-20-25» бағдарламасы туралы толығырақ ақпарат берді. Ол әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру бағдарламасының негізгі өлшемдері өзгеріссіз қалатынын хабарлады. Демек, бұл түпкілікті мөлшерлеме жылдық 7 пайызбен, ешқандай артық комиссиясыз және қосымша ақысыз, тұрғын үй құнының бастапқы жарнасы 20 пайыз, кредиттің ең ұзақ мерзімі 25 жыл.

Ол тұрғын үй сатып алу үшін Астана, Алматы, Ақтау және Атырау қалалары үшін бағаның ең жоғары шегі 25 миллион теңге, ал қалған өңірлер үшін – 15 млн теңге деп белгіленгенін атап өтті. Нысаналы индикаторларға сәйкес ипотекалық кредиттердің жалпы көлемі 1 триллион теңгені құрайды.
«Бағдарламаға меншік құқығында баспанасы және басқа да ипотекалық қарыздары жоқ Қазақстанның әрбір азаматы қатыса алады. Бағдарлама қатысушысының кәсіпкерлік немесе еңбек қызметінен тұрақты расталған кірісі болуға тиіс. Қазіргі таңда «Баспана» Центркредит Банкімен, Халық банкімен, Еуразия Банкімен, Цесна Банкімен, АТФ Банкімен, РБК Банкімен және Тұрғын үй құрылысы жинақ банкімен келісімге қол қойды. Сбербанк пен Форте Банк бағдарламаға қызығушылық танытты және техникалық жұмыстарды аяқтағаннан кейін «7-20-25» ипотекалық бағдарламасы жөніндегі келісімге қол қоюға дайын. Осылайша, біздің әріптес банктеріміздің дамыған желісін ескере отырып, біз «7-20-25» ипотекалық бағдарламасы елдің барлық өңірлерін қамтып, Қазақстанның біраз азаматына көптен күткен тұрғын үйін алуға көмектеседі деп үміттенеміз», – деді Қайрат Алтынбеков.

Алтынбековтың айтуынша, «7-20-25» ипотекалық бағдарламасы бойынша пәтер алу үшін келесі құжаттардың болуы жөніндегі талаптар айқындалды. Атап айтқанда, әлеуетті қарыз алушы банкке еңбек немесе кәсіпкерлік қызметтен кірісінің болуын растайтын құжаттарды, ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша өтелмеген берешегінің болмауы туралы мәліметті, тұрғын үйінің болмауы туралы анықтаманы, сатып алатын тұрғын үй құжаттарын және тәуелсіз бағалаушының бағасын ұсынуға тиіс.

«Ипотекалық несиелерді сатып алу тетігі әріптес банктермен оңтайлы пысықталуда. Банктер ипотекалық несиені 7-20-25 бағдарламасының талаптарына сәйкес береді. Ал, «Баспана» компаниясы өз кезегінде банктерден ипотекалық кредиттерді сатып алады. Біз ресми www.baspana72025.kz сайтын іске қостық, одан барлық қажетті ақпаратты алуға болады. Сондай-ақ + 7 (727) 227-20-25 тегін нөмірі бойынша call-орталық тәулік бойы жұмыс істейді. Қазіргі уақытта 7-20-25 бағдарламасының мобильді қосымшасы әзірленуде, ол жуық арада App Store мен Play Маркет арқылы көшіріп алу үшін қол жетімді болады», – деді Қ. Алтынбеков.

Қорытындылай келе, төраға бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілер арқылы түсіндіру жұмыстары жүргізілетінін, сондай-ақ «Баспана» кез келген қажетті ақпаратты жедел әрі толық көлемде ұсынуға дайын екенін айтты.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Қазақстанда «7-20-25» бағдарламасы бойынша несие беру басталды. Қазірдің өзінде Алматы, Астана, Атырау және Орал қалаларында бірнеше азаматтар аталған бағдарлама бойынша ипотекалық несие рәсімдеген.
04 шілде 2018 ж. 3 285 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 421 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам