ӘЛЕМНІҢ ҮЗДІК ПАЛУАНДАРЫ ЕЛОРДАҒА ЖИНАЛАДЫ
Астанада 6 және 9 қыркүйек аралығында алғаш рет грэпплингтен әлем чемпионаты өтеді.
Байрақты бәсекеге 21 елден 800-ден астам спортшы қатысады. Чемпионатқа Бразилия, Филиппин, Ресей, Литва, Панама, Испания, Израиль, Франция, Италия, Индия, Украина, Венгрия, Жапония, Польша және грэпплингтің тарихи отаны - АҚШ-та тіркеліп үлгерді.
Турнир қарсаңында, Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі алаңында пресс-конференция ұйымдастырылды. Баспасөз жиын спикерлері: Азиялық Грэпплинг комитетінің Президенті Қанат Алин, Дүниежүзілік грэпплинг комитетінің Президенті Ризван Бочкаев және UWW Дүниежүзілік грэпплинг қауымдастығының бас хатшысы Вито Паулио.
Қауымдастық басшысы: «Біздің жас спортшыларымызда күштерін әлемнің кіл мықтыларымен сынауға тамаша мүмкіндік пайда болды. Қазақстан намысын жақында өткен "QAZAQ BATYRY CHAMPIONSHIP" республикалық жарысының жеңімпаздары қорғайды. Палуандарымыздан әрине жеңіс күтеміз. Биыл Азияда біз көшбасшы атандық. Келесі кезекте "әлемді" бағындыру мақсаты тұр», - деп атап өтті.
Баспасөз конференция барысында спорттық жарыстың символы таныстырылды. Грэпплинг Қауымдастығы чемпионаттың тұмары мен алғашқы халықаралық спорттық-аналитикалық журналының тұсаукесерін өткізді.
Тарихи шайқаста батырларымызды "бүркіт" рухтандыратын болады. Бүркіт - еркіндік пен ерліктің белгісі. Чемпионаттың символы жайлы жақында жарыққа шыққан «QAZAQ BATYRY» халықаралық журналының беттерінен оқи аласыздар. Авторлар алғашқы шығарылымын "Әлем Чемпионатына" дайындығына арнады.
Естеріңізге сала кетейік, грэпплингтен әлем чемпионаты 6-9 қыркүйек аралығында Астана қаласы "Дәулет" спорт кешенінде өтеді.