Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ДАНИЯР ЕЛЕУСІНОВТІҢ КЕЛЕСІ ЖЕКПЕ-ЖЕГІ РЕСМИ ЖАРИЯ ЕТІЛДІ

ДАНИЯР ЕЛЕУСІНОВТІҢ КЕЛЕСІ ЖЕКПЕ-ЖЕГІ РЕСМИ ЖАРИЯ ЕТІЛДІ

  Қазақстандық кәсіпқой боксшы Данияр Елеусінов келесі жекпе-жегін 20 қазанда Бостонда өткізеді. Бұл туралы Matchroom Boxing промоутерлік компаниясы хабарлады, - деп жазады Vesti.kz. Бостондағы бокс кешінің басты жекпе-жегінде Геннадий Головкиннің салмағында WBO чемпиондық атағына ие Билли Джо Сондерс пен Деметриус Андраде жұдырықтасады. Ал Данияр андеркартта шаршы алаңға шығады. Қарсыласы әзірге анықталған жоқ.
Айта кетейік, Данияр Елеусінов кәсіпқой бокстағы бірінші кездесуін 28 сәуір күні өткізді. Нью-Йоркте өткен бокс кешінде америкалық боксшы Ноа Кидті 3 раундта техникалық нокаутпен ұтты. 7 маусымда Лондонда Золтан Шабоны ұпай айырмасымен жеңді. Одан кейін 5 тамызда венгр Габор Горбичті айқын басымдықпен жеңіп шықты. Елеусінов кәсіпқой боксқа түбегейлі наурыз айының басында ауысқан болатын. Оған дейін бір рет баруға бел буғанмен, реті келмеген еді. Ұлыбританиялық промоутер Эдди Хирнмен (Matchroom Boxing) үшжылдық келісімшартқа қол қойып, кәсіпқой бокстағы мансабына жол ашылды. Қазіргі таңда Эдди Хирн басқаратын компания құрамында аса ауыр салмақта WBA Super, IBF және IBO чемпиондық атақтарына ие Энтони Джошуа бар. Сондай-ақ британдық промоутер Райан Барнетт (18-0, 9 КО) (WBA Super және IBF), Джейми Макдоннелл (29-2-1, 13 КО) (WBA), Халид Яфай (23-0, 14 КО) (WBA Super), Келл Брук (37-2, 26 КО), Дэниэл Джейкобс (33-2, 29 КО) сынды боксшылармен жұмыс жасайды.
06 қыркүйек 2018 ж. 1 140 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам