БАЙҚОҢЫРДАҒЫ МЕДИЦИНА САЛАСЫ ҚАЛАЙ ӨЗГЕРЕДІ
Байқоңыр қаласындағы Қазақстан азаматтарына көрсетілетін медициналық көмектің сапасы артады. Бұл туралы Парламент Сенатының жалпы отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Жалпы отырыста палата депутаттары «2009 жылғы қарашадағы ҚР Үкіметі мен РФ Үкіметі арасында «Байқоңыр» кешенін жалға алу жағдайында ғарыш айлағының персоналына, Байқоңыр қаласының, Төретам және Ақай кенттерінің тұрғындарына медициналық қызмет көрсету тәртібі туралы келісімге өзерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Заңын қабылдады. Қолданыстағы келісімінің аясында осы Байқоңыр қаласында тұратын Қазақстан азаматтарына көрсетілетін медициналық көмек тек ресейлік медициналық ұйымдармен РФ заңнамасына сәйкес беріледі. Қазақстанда жүзеге асырылатын медициналық көмектің ерекшеліктерін ескере отырып, ел азаматтары заңнамамызға сәйкес тегін медициналық көмекті, дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды тегін алу, профилактикалық медициналық тексеруден өту заңды құқығымен қамтамасыз етілмеген.
«Байқоңыр тұрғындарында қолжетімді жоғары мамандандырылған медициналық көмекті алу мүмкіндігі жоқ. Бұл мүгедек адамдардың өмірінің және жалпы өмір сүру сапасының төмендеуі қаупін ұлғайтады. Қолданыстағы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттама жобасы Байқоңыр қаласының, Төретам және Ақай кенттерінде тұратын ҚР азаматтарына ұлттық заңнамаға сәйкес, Қазақстан денсаулық сақтау мекемелерімен медициналық қызмет көрсетуге мүмкіндік береді», - деп нақтылады министр Елжан Біртанов.
Сонымен қатар, министр 2016 жылдың 12 тамызында Байқоңыр қаласында Қызылорда облыстық медициналық орталығының филиалы пайдалануға берілгенін еске салып өтті. Сондай-ақ, 2018 жылғы қаңтардан бастап қалада 30 мың адамға қызмет көрсететін емхана ашылды. Қазіргі уақытта бұл емханаға 19 мыңнан астам тұрғын тіркелген. 2019 жылы емханада хирургия және жансақтау бөлімшесін ашу жоспарланып отыр. «Алайда Байқоңыр қаласының аумағындағы қазақстандық медициналық ұйымдардың қызмет көрсету құқығын бекіту - тек заңнамаға өзгерістер енгізу туралы хаттама күшіне енгеннен кейін мүмкін болады. Заң жобасы теріс әлеуметтік-экономикалық, құқықтық салдарға алып келмейді», - деді Е.Біртанов.