ҚАЗАҚСТАНДА ЖАСТАР ЖӘНЕ ОТБАСЫ ЖӨНІНДЕГІ КОМИТЕТ ҚҰРЫЛДЫ
Жаңа орган жастар мен отбасы тәрбиесіне қатысты негізгі төрт мәселені шешумен айналысуы тиіс.
Жаңадан жұмысын бастап жатқан ҚР Қоғамдық даму министрлігінде Жастар және отбасы жөніндегі комитет құрылды.
Жаңадан жұмысын бастап жатқан ҚР Қоғамдық даму министрлігінде Жастар және отбасы жөніндегі комитет құрылды.
Министрлік ішінен Жастар және отбасы жөніндегі комитет құрылды. Ондағы басты мақсат – қазіргі таңда елімізде жастар саясаты бағытында қандай жұмыс жасауымыз керектігін толық ұйымдастыру, қай министрлік болсын осы мәселе бойынша жұмыстарды үйлестіру. Бұл комитет жұмысының бір бөлігі отбасы мәселелерін қамтиды. Бүгін бізде, өздеріңіз байқағандай ,бірінші бастама. Сарапшыларды жинап, пікірлерін білсек дейміз. Комитеттің алдына қойып отырған ең басты мақсаттарды айқындау үшін сарапшыларды жинап отырмыз, – деді Қоғамдық даму министрі Дархан Кәлетаев Астанада өткен “Қазақстандық қоғамды жаңғырту процесіндегі отбасының рөлі” атты дөңгелек үстел отырысында.Министрдің айтуынша, отбасындағы мәселе өте жоғары деңгейге көтеріліп отыр.
Менің ойымша, отбасы мәселелері ең жоғары деңгейдегі құндылықтар болып есептеледі. Әрине, ең басты мәселе – ажырасу мәселесі. Жас отбасылардың арасында бұл жағдай өте көп. Мен бүгін сарапшылардың алдында сол мәселені көтергім келеді. Ол мәселе неден туындайды? Әсіресе, жас отбасылардың үйі, жұмысқа мүмкіндіктері жоқ. Яғни, көбінесе әлеуметтік мәселелерден туындайды. Соның бәрін талқылайық деп отырмыз, – деді Дархан Кәлетаев.Дөңгелек үстелде ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара ӘбдіқалықоваҚазақстандағы отбасылар тап болатын негізгі төрт мәселені атады.
Біріншіден – бұл ерте жастағы неке мен жасөспірімдердің жүктілігі, ерте жаста түсік жасату. Екіншіден, көбею тенденциясына ие – ажырасу мәселесі. Әрбір үшінші отбасы қазір ажырасып кетіп жатыр. Үшіншісі – толық емес отбасылардың көбеюі. Қазіргі таңда балаларды тәрбиелеуге әкелердің аз араласуы мен бала күтімі үшін алимент төлемдеріндегі мәселе. Төртіншісі – отбасы бағытындағы жұмыс негізінен өмірлік қиындықтар басталған кезде жүргізіледі. Алдын алу жұмыстары әлі әлсіз жүруде. Елімізде мұндай өзекті мәселелерді шешуге жұмылатын нақты мемлекеттік орган – Қоғамдық даму министрлігі. Консультативтік орган ретінде біздің комиссия да кеңес жүргізіп, аталған мәселелерді шешуде ұсыныстарын жолдайды, – деді Гүлшара Әбдіқалықова.
baribar.kz