Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ЕЛІМІЗДЕ ОТБАСЫ ЖАҒДАЙЫ ЖӨНІНДЕГІ МИНИСТРЛІК ҚҰРУ ҚАЖЕТ

ЕЛІМІЗДЕ ОТБАСЫ ЖАҒДАЙЫ ЖӨНІНДЕГІ МИНИСТРЛІК ҚҰРУ ҚАЖЕТ

    Қазіргі уақытта отбасы жағдайына қатысты мәселелермен айналысатын бірде-бір мемлекеттік орган жоқ. Коммуникация қызметі баспасөз орталығында өткен брифингте Бала құқықтары бойынша өкілетті және Парламент Мәжілісінің депутаты Зағипа Балиева елде балалар мен жастар мәселесін шешетін жеке мемлекеттік орган құруды ұсынған.
«Біздің мемлекетте отбасы, бала және жастар мәселесін кешенді түрде қарайтын министрлік немесе агентство болуы керек деп ойлаймын. Бізде қазір отбасы және гендерлік теңдік бойынша жұмыс істейтін комиссиядан басқа бірде бір мемлекеттік орган жоқ. Комиссия ұсынымдық сипатқа ғана ие. Бұл тақырыпқа арналған концепция бар, бірақ  мемлекеттік саясатты қалыптастыратын, оны іске асыратын және басқаратын мемлекеттік орган жоқ», – дейді ол.
Сондай-ақ, балалар омбудсмені Білім министрлігі құрамында балаларды қорғау комитеті бар екенін, алайда ол министр келісімінсіз ешқандай әрекет жасай алмайтынын айтып өткен.  Мемлекеттік орган құрамында жастар ұйымымен айналысатын бөлім бар. Бірақ ол жастардың жалпы мәселесімен айналыспайды.  
                                                                                     Дайындаған: Айтолқын АЙТЖАНОВА.
19 наурыз 2018 ж. 1 584 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам