ЖАҢА КӨЛІКТЕРГЕ СҰРАНЫС ДЕҢГЕЙІ ҚАНДАЙ?
2018 жылдың 8 айында Қазақстанда 800 мыңнан астам автокөлік тіркеуге қойылды. Бұл туралы «ҚазАвтоӨнеркәсіп» автокөлік саласындағы кәсіпорындар одағы мәлім етті, - деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Есепті кезеңде әкімшілік полиция органдары тіркеуге 851 465 автокөлікті қойды. Аталған көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңінен 13,9 пайызға артық. Оның ішінде 799 500-і екінші рет тіркелгендер үлесінде, яғни бір адамнан екінші адамның атына ауыстырылған көліктер санатына жатқызылды. Өсім 2017 жылмен салыстырғанда 13,2 пайызға жетті. Ал алғаш рет тіркелген көлік құралдарының саны 51 965-ті құрады. Ол былтырға қарағанда, 26 пайызға жоғары», - дегенп атап көрсетілген таратылған мәліметте. Биылғы қаңтар-тамызда Қазақстан аумағында 43 электромобиль тіркелген екен. «ҚазАвтоӨнеркәсіптің» хабарлауынша, есепті кезеңде қайта тіркелген көліктердің үштен екісін (69,1 пайызы) пайдалану мерзімі 10 жылдан асқан көліктер қамтыған. Оның ішінде 20 жылдан асқандардың үлесі 316 мың (39,6 пайыз) болса, 11-ден 20 жылға дейінгілер 29,5 пайызды құрады. Ал 4-тен 7 жылға дейін - 162 908 (20,4 пайыз), 8-ден 10 жылға дейін - 44 216 (5,5 пайыз), 1-ден 3 жылға дейінгі көліктер саны 36 205-ке жетті. Сонымен қатар, пайдалану мерзімі 1 жылға жетпеген көліктердің үлесі 0,5 пайыз болды. Келісімшарт рәсімдеріне қарағанда, отандық автопарктің ескіруінің тұрақты үрдісі байқалуда.