Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ЭКОНОМИКА МИНИСТРІ ЕЛІМІЗДЕГІ ИНФЛЯЦИЯ ТУРАЛЫ АЙТТЫ

ЭКОНОМИКА МИНИСТРІ ЕЛІМІЗДЕГІ ИНФЛЯЦИЯ ТУРАЛЫ АЙТТЫ

   Ағымдағы жылдың басынан бері инфляция деңгейі жаңа 5-7 пайыз аралығында сақталып отыр. Бұл туралы бүгін Үкіметтің селекторлық режимдегі отырысында 2018 жылғы 8 айлық инфляция жайында баяндаған Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

«Ағымдағы жылдың басынан бері инфляция деңгейі жаңа 5-7 пайыз аралығында сақталып отыр. Тамыз айында инфляция 0,2 пайызды құраса, жылдың басынан 2,9 болды. Жылдық инфляция 6,0 пайыз болды. Ағымдағы жылдың басынан бері 2017 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда, инфляцияның барлық құрамдауыштары бойынша баға өсуінің бәсеңдегені байқалып отыр. Азық-түлік тауарларына баға өсуі 2,3 пайызды құрады. Азық-түлік емес тауарларына - 3,6. Ақылы қызметтерге бағалар мен тарифтер 3,0 пайыз болды», - деді министр. Оның айтуынша, соңғы үш айда азық-түлік тауарларына бағаның төмендегені байқалып отыр. Бұл инфляция құрамдауыштарының ішінде ең төмен мәнге әкелді. Азық-түлік емес тауарларына бағаның ең көп өскені тіркелді. Бұл ретте, дизель отынына, аяқ киімге, сұйытылған газға, медикаменттерге және тұрмыстық бұйымдарға бағаның өскені байқалып отыр. Баға ақылы қызметтерге орташа қарқынмен өсті. Ақылы қызметтердің ішінде бағаның ең көп өскені әуе және темір жол көлігі қызметтеріне, құқықтық қызметтерге тіркелді. Сондай-ақ, автомобильдерге техникалық қызмет көрсетуге және қонақ үй қызметтеріне баға төмендеді.

«Жыл басынан бері өңірлік бөліністе жоғары инфляция деңгейі орташа республикалық деңгейден шамамен 1 пайыздық тармаққа асып, Атырау, Маңғыстау өңірлерінде байқалады. Орташа республикалық деңгейден Солтүстік Қазақстан, Қызылорда, Астана және Павлодарда аз ғана  асты»,-  деді Тимур Сүлейменов.
06 қыркүйек 2018 ж. 1 244 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 421 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам