Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ДЕНСАУЛЫҚ МИНИСТРЛІГІ ТЕГІН МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕКТІҢ ЖАҢА МОДЕЛІН ЕНГІЗЕДІ

ДЕНСАУЛЫҚ МИНИСТРЛІГІ ТЕГІН МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕКТІҢ ЖАҢА МОДЕЛІН ЕНГІЗЕДІ


   Елімізде тегін медициналық көмек көлемінің жаңа моделі енгізіледі. Бұл туралы бүгін Үкіметтің селекторлық режімдегі отырысында Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов айтты, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
 «Мемлекет басшысының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауына сәйкес министрлік ағымдағы жылдың мамырында бір мезгілде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізе отырып, мемлекеттік міндеттемелердің нақты шегі көрсетілген тегін медициналық көмек көлемінің жаңа моделін әзірледі және енгізу жұмыстарын жүргізуде. Тегін медициналық көмек көлемінің пакеті бүкіл халық үшін ең төменгі әлеуметтік стандарт болады. Алғашқы медициналық көмек шұғыл медициналық көмекті және негізгі, оның ішінде әлеуметтік мәні бар аурулар кезінде консультациялық-диагностикалық  қызметтерді тегін дәрілермен қамтамасыз етуді және стационарлық көмекті қамтитын болады», - деді министр.
Оның айтуынша, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакеті тегін медициналық көмектен тыс қызметтерді қамтиды. Оның ішінде жоспарлы стационарлық көмек, қымбат тұратын диагностикалық қызметтер мен тегін медициналық көмек пакетіне кірмеген аурулар бойынша дәрілік қамтамасыз ету кіреді.
«Онан басқа, тегін медициналық көмек көлемінің жаңа моделі аясында негізгі аурулардың 30 тобы бойынша сәйкес тарифтер мен белгіленген қызметтер тізбесін кезең-кезеңімен қамтамасыз ете отырып, консультациялық-диагностикалық қызметтердің көлемін нақты айқындау жоспарлануда. Тегін медициналық көмек көлемінің жаңа моделін енгізу және әлеуметтік медициналық сақтандыру қорынан жарналардың есебінен алғашқы медициналық көмекті қаржыландыру тапшылығын кезең-кезеңімен жоюға мүмкіндік береді. Бұл денсаулық сақтау жүйесінің ұзақ мерзімді қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етеді», - деді ол.
Министрдің сөзіне қарағанда, тегін медициналық көмектің жаңа моделін енгізу аясында әлеуметтік мәні бар ауруларды қоса алғанда сырқаттардың 262 тобыннан тұратын диспансерлеуді арулардың 30 тобынан тұратын басқару бағдарламасына трансформациялау ұсынылады. «Бұл шамамен  70 пайыз өлімді, 80 пайыз науқастануды, сондай-ақ халықтың өмір сүру ұзақтығын айқындайтын негізгі ауруларды бақылауды қамтамасыз етеді. Бұл ретте пациентті өз ауруын басқаруға белсенді тарту, бірлескен тексеруді енгізу, мобильдік қосымшаларды пайдалану жоспарлануда. Қазіргі кезде барлық аймақтарда 3 ауру бойынша ауруларды басқару бағдарламасы енгізілуде. Ол аурулардың асқыну және ауруханаға жатқызу көрсеткішін төмендетуге елеулі әсер берді»,-  деді Елжан Біртанов.    
06 қыркүйек 2018 ж. 1 333 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам