Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ЖАҢАҚОРҒАННЫҢ 90 ЖЫЛДЫҒЫ 2 АЙ ТОЙЛАНАДЫ

ЖАҢАҚОРҒАННЫҢ 90 ЖЫЛДЫҒЫ 2 АЙ ТОЙЛАНАДЫ

 Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Жаңақорған ауданының әкімі Ғалым Әміреев ауданның 90 жылдығы мен Халық ақыны Манап Көкеновтың 90 жылдығына орай кең көлемде өтетін шаралар барысы туралы айтты. 
Ауданның мерейтойы «Сырға толы Сығанақ» атты этно-думанды шарамен басталып, 2 ай көлемінде тойланатын болады. 14 қыркүйектен басталып, 14 қарашаға дейін созылады.
"Бағдарлама аясында мәдени көпшілік және спорттық шаралар өтеді. Сондай-ақ, Халық ақыны Манап Көкеновтің 90 жылдығына орай бюсті ашылып, республикалық ретро-айтыс ұйымдастырылады. Шаралар аясында «Алтын күз-2018» ауылшаруашылығы саласының үздіктері марапатталып, эстрада жұлдыздарының гала-концертімен қортындыланады", - деді Ғ.Әміреев. 
Сондай-ақ, М.Көкенов атындағы аудандық Мәдениет үйінде Қазақ елінің дара тұлғасы, Қазақстан Республикасының Халық Әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, дирижер Төлепберген Әбдірашевтің 70 жылдығына арналған республикалық камералық оркестрлердің фестивалі өтеді. Аталмыш фестивальға Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Қостанай, Ақтөбе, Қызылорда облыстарынан камералық оркестрлері қатысса, Түркістан облысы опера және балет театрының симфониялық оркестрі қонақ ретінде өнер көрсететін болады.
Атап өтсек, Жаңақорған ауданының 90 жылдығы аясында көпқабатты тұрғын-үй және 1 жатақхана қазан айында халық игілігіне беріледі.
19 қыркүйек 2018 ж. 1 305 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 442 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам