ГОЛОВКИН КЕЛЕСІ ЖЕКПЕ-ЖЕГІНДЕ БЕЛБЕУІН ҚАЙТАРА АЛАДЫ
Сауль "Канело" Альварес титулдық жекпе-жекте Генна
дий Головкинді жеңгеніне қарамастан IBO тұжырымы бойынша әлем чемпионының барлық белбеуіне ие бола алмайды. Қазақстандық боксшының вакантты титул үшін жекпе-жек өткізуіне болады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі "Р-Спорт" агенттігіне сілтеме жасап.
дий Головкинді жеңгеніне қарамастан IBO тұжырымы бойынша әлем чемпионының барлық белбеуіне ие бола алмайды. Қазақстандық боксшының вакантты титул үшін жекпе-жек өткізуіне болады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі "Р-Спорт" агенттігіне сілтеме жасап.
Бұл туралы Халықаралық бокс ұйымының (IBO) президенті Эд Ливайн мәлімдеді. "Альварес IBO тұжырымы бойынша титулды ала алмайды. Біз онымен санкциялық келісімге келе алмадық. Вакантты титул екі үміткер арасында ойнатылады. Олардың бірі Головкин бола алады, ол бұл дивизион рейтингінде бірінші орын алады", - деді Ливайн. Еске сала кетейік, Головкин бұл титулды 2011 жылы 9 желтоқсанда америкалық Лахуан Саймонмен жұдырықтасып, жеңіп алған болатын. Ол кезде қазақстандық боксшы қарсыласын бірінші раундта нокаутқа түсірді. Оған дейін IBO титулы вакантты болған. Осыдан кейін қазақстандық боксшы IBO титулына жеті жыл иелік етті, ол оны 17 жекпе-жекте сәтті қорғаған. Бұл титулдан ол Альвареспен реванш өткізіп, айырылып қалды. Сонымен қатар, WBA және WBC титулдарынан да қол үзді. Жекпе-жектен кейін Альварестің IBO-ға санкциялық жарнаны төлемегені анықталды. Осылайша, ұйымның титулы вакантты болып қалды. Айта кетейік, IBO титулы негізгі тұжырымдар арасында ең беделді болып есептелмейді. Мысалы, абсолютті әлем чемпионы деген атақ үшін WBC, WBA (Super), WBO және IBF белбеулері жеткілікті.