Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » СІЗ ҚАЙ ТҮСТІ ҰНАТАСЫЗ?

СІЗ ҚАЙ ТҮСТІ ҰНАТАСЫЗ?

  Түсіңізді таңдап, өзіңізді танығыңыз келсе...
Өйткені, әр түстің психологиялық, көркемдік ерекшеліктері болады. Сондай-ақ, әр түс сізге сипаттама береді. Айталық, маған ақ, қызыл, жасыл түстер ұнайды. Ал, сізге?
Ақ түс
Ақ – қайырымдылық пен пәктіктің түсі. Ақ маргаритка – бұл өзара махаббат белгісі. Ақ дүйсенбі түсі болып келеді. Ақ түс – таза парақ, онда әлі де талай тарих жазылады. Бұл түс адам энергиясының тазалануына өз әсерін тигізеді. Ақ түс таңдайтындар, әдетте, жинақы, адал ниетті адамдар болып табылады. Көп жағдайда олар талап қоя біледі. Ақ түс қараңғы жерлерге жарық беріп тұрады, жандандыра түседі.
Ал, бұл түсті ересек жастағы жанның таңдағаны – оның өзгеге көмектесуге ынтығып тұратынын аңғартады. Оның қолынан көп нәрсе келеді. Алдына мақсат қойғыш жан. Сонымен қатар, ақ түсті киім кигенді қалайтын ересек адамдар, қарапайым өмірді қалайды екен.
Қара түс
Қара – ең сиқырлы түс. Батыс елдерінің дәстүрлеріне сай қара өлім символы болып есептелінеді. Алайда, көптеген халықтарда қара – бұл жақсы түс. Себебі, ол құнарлы топырақты және жерді еске түсіреді. Қара – сенбі түсі.
Психологтардың пайымдауынша: «Қара түс – абсолютті шекара, өмірдің тоқтайтындығының белгісі. Ол ғайып болу, өлім ойын көрсетеді. Қара түс – соңы, енді ештеңе болмайтындықтың нышаны. Десе де, қара түсті таңдаған адам тағдыр ағысына қарсы тұра алады. Қара – түрлі жағымсыз көңіл-күй, мазасыздық, ашушаңдық тудырады.  Жұмбақ, құпия түс. Олар өзінің ойын көп жерде айтпайды, жасыруға тырысып бағады.
Көк түс
Көк түс – жан тыныштығын, молшылықты, татулықты білдіреді. Ол адамдар мен қоғамды байланыстыратын негізгі дәнекер іспетті, бірлік, көпшілдік сезімнің, сенімнің түсі. Әсіресе, көк түсті молшылықтың нышаны болғандықтан семіз келген адамдар ұнататын көрінеді.
Көк түсті таңдағандар – тыныш ортаны, мазасыздық пен сотқарлықтан, келіспеушіліктен алыс болуды қалайтындар. Олар бір-біріне деген сенімді қалайды және өзгелердің де оларға сенуіне әбден болады. Көк түсі –арманыңыздың орындалуына әсер етеді. Бұл түс – шындықтың, біреуге деген адалдығыңның белгісі ретіндегі түс.
Сары түс
Сары түс – жеңілдік пен қуанышты, сабырсыздықты, нұр сәулені білдіреді. Қуаныштың, күн шапағатының нышаны. Сары түс адамды болашаққа бағыттайды, жаңалыққа талпындырады, заманауилыққа, дамушылыққа құштар етеді. Сары түсті Гете: «Ашық түстердің ішіндегі ең мықтысы» деген екен.
Сары түс – адам бойын сергітеді, көңілдендіреді деп көрсетеді. Осы түсті еркіндікті қалайтындар және арманы биік, қиялға берілгіштер ұнатады. Олар күтпеген оқиғаларды жақсы көреді. Үнемі ізденісте жүреді. Мұндай мінезді адамдардың маңайында көбінесе әзілге жақын адамдар жүреді.Тың идеяларды талқылап, ой таразысына салғанды жаны қалайтын адамдар өзгені тыңдап, өз пікірін де ұмыт қалдырмайды. Бірақ, кейде жауапкершіліктен қашады.
Қызыл түс
Қызыл – түстердің ішіндегі ең жылы түс. Бұл түсті сөзшең адамдар таңдайды және еркектердің көпшілігіне ұнайды. Екінші жағынан қызыл түс күш пен қызбалықтың белгісі. Қытайда қызыл түс байлық пен дамудың белгісі ретінде ассоциацияланады.
Сондай-ақ, «Қызыл түс тасыған күшті білдіреді. Көбінесе қызуқанды адам киімді осы түстен таңдайды. Албырт, белсенді, тез шешім шығаратындар бір орында отырғанды қаламайды. Өмірден бәрін үйреніп, алға ұмтылғыштар қызылға құмар. Оларды бірқалыптылық тез жалықтырады. Айналасындағылардың қателігіне көз жұмып қарамайды. Шынайылықты жақсы көреді», – деген пайымдаулар бар.
Жасыл түс
Жасыл түс – еркіндікке деген жігерлікті, табандылықты, мақсаткерлікті, өзімшілдікті, «Мен» деп өзіне жоғары баға берушілікті білдіреді. Жасыл – адамға сенімділік береді. Кабинет және сіз жұмыс жасайтын орын үшін тамаша түс. Ол белсенділік пен табандылық береді.
Жасыл түс – нағыз гармониялық түс. Адамның жүйке жүйесін тыныштандырады. Бұл түс біреудің қуаныш, ренішіне ортақтаса білетін,
достары көп адамдарға тән. Жасыл түсін ұнататын адамдар тұрақты, сенімді болып келеді. Жасылды жақсы көретіндер тыныштықты жаны қалайды. Дегенмен көпшілікпен араласқанға құмар. Шыдамды, тым байсалды. Ұжымның арасында өзін көрсеткенді қаламайды. Өйткені, өзгелер жомарттығын пайдаланып кетеді деп қорқады.
Қоңыр түс
Қоңыр түс – топырақтың және ағаш тақтаның реңі. Төзімділік және сенімділік береді. Қоңыр, сондай-ақ, жердің түсі. Жер халықтың тіршілік орны.
Психолог мамандар мынадай пікірлерді ұсынады: «Қоңыр түсті ұнататындар өмірден мол тәжірибе алған жандар. Оның өз тәртібі бар, ойы кемелденген адам. Бұл түсті қалайтындар байсалды мінезімен тартымды келеді. Қоңыр түсті көбінесе шыдамды, байсалды жандар ұнатады. Ешкімге тәуелсіз, өзінің ойынан қайтпайтын адамдар қалайды. Кейде олармен араласқанда ойын анық түсіну мүмкін емес. Көбінде еркектердің сүйікті реңкі».
ТІЛШІ ТҮЙІНІ: Ал, түсіңізді таңдап, өзіңізді таныңыз! Рас келе ме, көрейік...
                                             Дайындаған: Ақтолқын НҰРЛЫБАЙ.
20 қыркүйек 2018 ж. 2 456 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 421 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам