АРЫҚТАУДЫҢ АМАЛЫ КӨП
Көктем мезгілі қыз-келіншектердің айы десек қателеспейміз. Ендеше көктем жақындап келе жатыр. Ал сізді артық салмақ мазаласа, онда қазірден сізге дайындықты бастау керек. Біздің аса мән бермейтін ас ішетін ыдыс-аяғымыздың өзі денсаулық үшін рөлі орасан зор. Бұл сіздің артық салмағыңызға да тікелей қатысы бар. Мамандар ас ішетін ыдыс-аяқтың түсі көңіл-күй мен психологияға ерекше әсер ететінін айтады. Дене сымбатын аңсап жүргендер үшін ақ, қызыл түсті ыдыспен көп тамақтанбауға кеңес береді. Ақ түсті ыдыс бүгінде кез келген үйден табылады. Алайда ақ түсті ыдыс салмақ қостырады екен. Мұндай ыдысқа салынған ас тәбетті ашып, салынған астың бәрін тауысып қоюыңыз мүмкін. Жасыл түсті ыдыс дастарқаныңызға сән бергенімен, бұл түстегі ыдыс тәбетіңізді аша қоймайды, тіпті кейбір жандардың ас жегісі келмей қалады. Сары түсті ыдыстағы ас сіздің тәбетіңізді аша түспек. Сол себепті мұндай түсті ыдысқа жеңіл әрі оңай сіңетін салаттар мен тағамдарды салыңыз. Қызыл түсті ыдыс та сізге көмек бере алмайды. Себебі мұндай ыдысқа салынған асты көргенде, асқазаныңызға иелік ете алмай қалуыңыз ғажап емес. Сондықтан күнделікті ыдыстар қатарынан бұл түстегі ыдысты алып тастаңыз. Алқызыл, қызғылт сары түсті ыдыстар да тәбетті ашады екен. Бұл ыдысқа салынған кез келген тағамның тым болмағанда ауыз тиетініңіз сөзсіз. Ал қырсықтау, тамақ жемейтін балапандарыңыз үшін мұндай түсті ыдыс сізге көмектеседі. Мұндай ыдыс түсіне салынған тағам да, құйылған шырындар да балаңыздың тәбетін ашады. Көгілдір түсті ыдыс бірінің талғамынан шықса, енді біріне салқындық сыйлайды. Сол себепті мұндай түстен қатты қауіп жоқ. Кез келген тағамды салып, дастарқаныңызға қорықпай қоя беріңіз. Көкшіл, көк түсті ыдыстар көпшіліктің ас үйінен табыла бермейді. Себебі мұны тек талғампаздар ғана алмаса, үйінен қонағы үзілмейтін үйлерде мұндай түсті ыдыстарды кездестіре алмайсыз. Сонымен қатар бұл түстегі ыдысқа салынған тағам тәбетті де аша қоймайды. Бұл артық салмақтан арылғысы келгендер үшін керемет көмегі бар әдіс. Батпақ түсті ыдысты арықтауды армандап жүрген құрбыңызға сыйлыққа ұсынсаңыз, ол үшін үлкен сыйлық болмақ. Себебі мұндай түсті ыдысқа салынған тағам сіздің тәбетіңізді қашырады.