Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ЕМХАНА МӘСЕЛЕСІ ШЕШІМІН ТАПТЫ

ЕМХАНА МӘСЕЛЕСІ ШЕШІМІН ТАПТЫ

    Осы уақытқа дейін аталмыш елдімекендердің тұрғындары 90 шақырым қашықтықтағы Қармақшы ауданының медициналық қызметтерін пайдалануға мәжбүр еді.
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі аясында тұрғындарға тегін медициналық көмек көрсету мақсатында 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап облыстық медицина орталығының Байқоңырдағы филиалында Қазақстан азаматтары үшін емхана жұмыс істей бастады.
Естеріңізге сала кетейік, 15 қыркүйектен бастап республика бойынша тұрғындарды емханаларға тіркеу жұмыстары жүргізілуде. Байқоңыр қаласында ашылған емхана бұл науқанға алғаш рет қатысып отыр.
Медициналық орталық қажетті мамандармен толығымен қамтамасыз етілген. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне сәйкес, қазір ҚР азаматтары, оның ішінде зейнеткерлер, 18 жасқа дейінгі балалар және Байқоңыр қаласында тұратын жұмыссыз азаматтар облыстық медициналық орталық филиалының қызметін пайдалана алады.
Қазіргі таңда, вакцинация жасау, амбулаториялық деңгейдегі тегін дәрі-дәрмектермен қамту, диспансерлік науқастарды динамикалық бақылау, алдын-ала тексеруден өткізу атап айтсақ, әскерге шақыру алдындағы және жасқа толғанға дейінгі балаларды медициналық тексеруден өткізу сияқты бірқатар проблемалық мәселелерді шешу үшін жұмыс тобы құрылды.
26 қыркүйек 2018 ж. 1 299 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 524 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам