«SALEM VILLAGE» САУДА МАРКЕТІ АШЫЛДЫ
Қызылорданың 200 жылдық мерейтойы аясында осындай жобалардың бірі «Salem Village» сауда маркетінің ашылуына қала әкімінің орынбасары Бектас Нұридинов қатысты. Бұл – қалада кәсіпкерлікті қолдау мақсатында жүзеге асырылған жобалардың бірі.
«Сәлем Трейдинг» ЖШС бастамасымен ашылған көтерме маркетінің жалпы жоба құны 65 млн. теңгені құрайды. Ал, жалпы көлемі 350 шаршы метр аумақты алып жатқан нысанда автотұрақ қарастырылған. Барлығы 22 адамды еңбек көзімен қамтыған аталмыш сауда маркетінде тұрмысқа қажетті күнделікті пайдаланатын азық-түлік пен өзге де тауарлардың 2000-нан аса түрлері бар. Отбасылық наубайханадан әзірленген нан өнімдері мен тәтті тоқаштар, 25-ке жуық асханалық тағам сорты сатып алушыларға күнделікті жеткізіліп отырмақ. Қуантарлығы, барлық өнімдер тұрғындарға қолайлы әрі төменгі бағамен ұсынылған.
Айта кетейік, сауда орнында сөрелер қатарын «Salem Village» жеке өнімдері толықтырылмақ. Яғни, мұндағы халық алдағы уақытта сапалы әрі табиғи жергілікті сүт өнімдерін тұтынады.
Назерке РАХМЕТОВА.