ҰСТАЗДАР ҰЛЫҚТАЛҒАН КҮН
Қала әкімі Нұрлыбек Машбекұлы А.Тоқмағанбетов атындағы қалалық мәдениет үйінде Ұстаздар мерекесіне орай ұйымдастырылған «ҰСТАЗ – ҰЛЫ ТҰЛҒА» атты салтанатты шараға қатысып, ұлағатты мамандық иелерін төл мерекелерімен құттықтады.
Өзінің құттықтау сөзінде: "Ұстаздық ісін меңгеру кез-келгеннің қолынан келе бермейтін, жауапкершілігі мен міндеті жоғары мамандық. Мемлекет деңгейінің бір өлшемі осы Мұғалімдердің сіңірген еңбегімен бағаланады. Бүгінде қала ұстаздары білім саласында біршама жаңашылдықтарды жүзеге асырып, жоғарғы табыстарға жетті. Педагогтардың қоғамдағы оң имиджін қалыптастыру бойынша тиісті шаралар тұрақты атқарылуда» - деді қала әкімі Н.Нәлібаев.
Қала әкімі салтанатты шара барысында, барлық саналы ғұмырын ұрпақ тәрбиесіне арнаған ардагер ұстаздар қауымын Қызылорда қаласының 200 жылдық мерейтойына арналған мерекелік медальдармен марапаттап, сыйлықтар табыстады.
"Бүгінгі салтанатты шараға өмір жолын шәкірт тәрбиесіне арнаған, бүгінде қадірлі зейнеткер атанған - ардагер ұстаздарымыз қатысуда. Бүгін Сіздер зейнет жасында болсаңыздар да, Сіздерсіз өңіріміздің қоғамдық өмірін елестету мүмкін емес. Себебі, Сіздер әлі де болса қоғамның дамуына ерекше ықпал етіп, ұрпақ тәрбиесіне зор үлес қосып келесіздер" – дей келе, ардагерлерді мерекелерімен құттықтап, ұрпақ тәрбиелеу жолында өлшеусіз еңбектеріне алғысын білдірді.
Білім саласының дамуына айтулы үлес қосқан бірқатар азаматтар мен білім беру ұйымдарының басшыларына, үздік мұғалімдерге
200 жылдық мерейтойдың медалі табысталды және 10 мұғалімге «Бурабай» курортына жолдама берілді.
Сонымен қатар, білім саласында еңбегімен еленген 122 мұғалімге бағалы сыйлықтар табысталып, марапат төрінен көрінді.
Олардың кейбіріне ҚР Білім және ғылым министірінің Құрмет грамотасы табысталса, басым бөлігі қалалық білім бөлімі мен қалалық кәсіподақ кеңесінің Алғыс хаттарымен марапатталды.
Қалалық ішкі саясат бөлімі