ГОЛОВКИН НУРМАГОМЕДОВТІҢ ЖЕҢІСІНЕН КЕЙІН ШАРШЫ АЛАҢҒА "ШЫҒЫП КЕТТІ"

Роликтің басында Конор қарсыласын жайратып салуға уәде береді. Хабиб ирландиялықты нокдаунға жіберіп, оның дін туралы, әкесі мен Бруклин автобусы жайлы айтқан сөздерін еске түсіріп, ұрып-соғады. Ол Макгрегорға тұншықтыру әдісін қолданған кезде, кенеттен сегізбұрышта бокстан бұрынғы әлем чемпионы Геннадий Головкин пайда болып, өзінің "Big Drama Show" деген сөзін айтады.
Хабибке бүркіттің қанаты бітіп, сегізбұрыштан ұшып шығып, Диллон Дэнисті (Конордың спарринг серіктесі, оған Хабиб жеңіске жеткеннен кейін шабуылдаған болатын) іліп әкетеді. Осы кезде Нурмагомедовтың достарының бірі Конорға шабуылдайды, ерні көгерген ирландиялыққа (баспасөз конференциясында Хабибке "Сен өлесің! Сенің көгерген ерніңді көріп тұрмын" деген болатын) UFC басшысы Дэйна Уайт араша түседі. Ролик Конор мен Уайттың диалогымен аяқталады:
sputniknews.kz